Ежелгі Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Ежелгі Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?  (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бұл бөлім оқушыларды сол кезеңдегі ежелгі Қытай мен Үндістан сияқты өркениеттерді оқып-білуге дайындайды.
Сабақ мақсаттары: 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишиз, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау.
( БЫМ) Мысырдағы Гиза қаласында орналасқан Хеопс пирамидасы бойынша виртуалды тур көрсетіңіз. Оқушылар фотосуреттерді қарағанда, пирамиданың көлденең қимасында нақты дәліздер мен бөлмелердің орналасуы көрсетіліп, экранның төменгі сол жақ төрттен бір бөлігіндегі диаграмманың оларға көрінбеуін қадағалаңыз. Виртуалды турды фотосуреттер топтамасымен ауыстыруға болады.
Т) Оқушыларға жұпта келесі сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз:
• Бұл жер сіздерге қандай болып көрінді?
• Егер осы жерде қатты айғайласа, дыбыс қандай болып шығар еді?
• Қараңғы жерде қаншалықты жақсы көресіз?
• Осы жерде қараңғыда жалғыз қалсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
• Осы ғимаратта қаншалықты ыстық немесе суық болуы мүмкін деп ойлайсыз?
• Бөлменің қабырғалары мен дәліздер ұстап көргенде қандай әсер қалдырар еді?
Дескриптор – қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптарын беру.

(Б) Жұптардың сұрақтарға жауабын тыңдап, бұдан соң Хеопс пирамидасының жоғары жағынан түсірілген панорамалық суретін көріңіздер. Фотосуреттерде осыдан 5000 жыл бұрын Мысыр билеушісі, Хеопс перғауынды жерлеу үшін салынған ең көне мысырлық пирамиданың көрсетілгенін түсіндіріңіз. Пирамида ішінен түсірілген суреттерді ұсынып, оқушылардың қайсысы, мұның қай жер екенін дұрыс таба алады, талқылаңыздар.
(Д) Хеопс пирамидасы мен оның айналасы қандай болуы мүмкін екенін көрсететін суретті салыңыздар. Жекелеген оқушылардан сурет нобайын салуын сұраңыз.

(Т) Оқушылардан топ ішінде пирамидалардың қалай салынғаны туралы болжамдар жасап, сыныппен бөлісуін сұраңыз.

Дескриптор – оқушылар Ежелгі Египеттегі пирамида туралы белсенді талқылаулар жүргізеді.

(Б) Әр топқа өз ойларын сынып алдында кезекпен бөлісуі үшін уақыт беріңіз, жекелеген оқушылардың осы болжамдарға қарсы пікірлерін айтуды ұсыныңыз, содан кейін ежелгі мысырлықтардың Хеопс пирамидасын қалай салғаны туралы мәтінді оқып беріңіз........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 534



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?