Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

 Неліктен ұжымдастыру саясаты  «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Сабақ тақырыбы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
9.1.1.1.демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдайды.
(Б) Суретпен жұмыс.

• Мына сурет қай жылдарға қатысты?
• Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген?
• Мұны немен түсіндіруге болады?
• Олар қайда кетіп барады?
• Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде?
Сұрақтар арқылы слайдтағы сурет бойынша диалог құрып, тақырыпқы шығу.

Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, жетістік критерийлері хабарланады.
(М) Презентациялық материалдар қолданып тақырыпқа қысқаша шолу жасалады.
Ұлы нәубет сөзінің синонимдері қасірет, қайғы, ұлттық трагедия т.б. сөздеріне түсініктеме беру

(Б) Терминдермен жұмыс.

1 Ұжымдастыру А) қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
2 Демография В) ауқатты шаруа
3 Депортация С) ұсақ шаруа шаруашылықтарын бiрiктiрудiң негiзiнде iрi социалистiк ауыл шаруашылық кәсiпорны, ауыл шаруашылық артельдерi т. б. етiп қайта құру;
4 Босқындар D) белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланысын зерттейтін ғылым.
5 Қосшы E) мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару.
6 Кулак F) еңбекші, кедей шаруа

Бағалау. Оқушылар тақтада ұсынылған дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

Зерттеу және талдау
(Т\Ж) Зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін сыныпты төрт топқа бөліп, әр топқа естеліктер, мақалалар, статистикалық мәліметтері бар «құжаттар пакеті» беріледі.

1 топ: Ұжымдастыру қалай жүргізілді? Ұжымдастыру саясатының мәні, кезеңдері, жүргізілу барысын сипаттайды.
2 топ: Неліктен ұжымдастыру саясаты «Ұлы нәубетке» айналды?

Ұжымдастыру саясатының кемшіліктерін талдайды. Оқушылар әртүрлі деректерді салыстыру, талдау нәтижесі бойынша ұжымдастыру кезеңінің сипаты, ұжымдастыру саясатының келеңсіз жақтары туралы идеялар тізбегін жасау керек.

3 топ:Нәубет жылдарының демографияға қаншалықты әсері болды?
Демографиялық өзгерістерді статистикалық мәліметтерді талдау арқылы анықтайды. Бұл жұмыстың нәтижесі диаграмма арқылы көрсетілуі тиіс. Оқушылар өздері құрған диаграммаларын қорғап, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
4 топ:Ұжымдастыру саясатының нәтижесі
Ұжымдастыру саясатының зардаптарын (ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістер) талдай отырып, шаруалардың саясатқа қарсы көтерілістерін талдайды.
Талаптары:
Бұл жазбаның авторы кім, әлеуметтік тегі қандай?
Деректі жазудағы мақсаты неде?
Құжаттың дерек ретінде құндылығы мен шектеулігі неде?
Әр топ сынып алдында өз тапсырмаларын қорғайды.
Бағалау. Топтар бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Бағалау. Топтар бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Критерийлері:
1. Тақырып мазмұнының ашылуы
2. Дәлелдер келтіруі
3. Ойын дәл жеткізуі
Мұғалімнің кері байланысы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 673



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?