Жәрмеңке саудасының дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 Жәрмеңке саудасының дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Жәрмеңке саудасының дамуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
Сабақтың мақсаты: XIXғ Қазақстандағы жәрмеңкенің қоғамдағы қызметі мен маңызын
талдайды.
Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топтастыру.
Өткен материалды еске түсіру.
(Б) Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландырудан бұрын, өткен материалды еске түсіріп, пысықтап алуға назар аударылады.
- ХІХ ғ. Қазақстанда алғашқы жәрмеңке қай жылы, қай өңірде ашылды?.
- ХІХ ғ. ең ірі сауда жәрмеңкесі қалай аталды және қай жерде болды?
-ХІХ ғасырда жәрмеңкелердің негізгі сауда орынына айналуына қандай себептер әсер етті?
- Жәрмеңкелерде қандай қазақтың белгілі тұлғалары өз өнерлерін көрсетті?
(М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Бүгінгі сабақта қазақ даласындағы жәрмеңкелердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қызметі зерттелетіні туралы айтылады.
(М) Сабақтың тақырыбы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): дәлел
Зерттеу сұрағы: Қоянды жәрмеңкесіне неліктен халық көп жиналды?
Зерттеу мен талдау
Мұғалім сабақ тақырыбының мазмұнына ену мақсатында оқушыларға диалогтік-сатылай сұрақ қою тапсырмасын орындатату үшін бейнематериалмен жұмыс ұйымдастырады.
(Б) 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Топтарға қазақ даласындағы жәрмеңкелік сауданың қызметі туралы мәтін таратылады. Алдымен жұптық жұмыс жүзеге асырылу керек. Жұптасқан оқушылар ақпаратты оқып, мазмұнын талқылап, зерттейді. Ақпаратты жинақтап, зерделеу үшін «ақпараттық органайзер» парағын ұсыныңыз.Жұптардың мәтінмен жұмысы аяқталып болғаннан кейін, өз ақпараттарымен топ ішінде талқылау жүргізеді. Топтар ішінде зерттеу нәтижесі анықталғаннан кейін, әр топ өз жұмыстарын сынып алдында жариялайды.
(«Ақпараттық органайзер» дидактикалық материалдар парағында берілген)
1-топ.Жәрмеңкелердің саяси қызметтегі ролі;
2-топ. Жәрмеңкелердің шаруашылықтағы ролі;
3-топ. Жәрмеңкелердің тұрмыс-тіршіліктегі ролі;
4-топ. Жәрмеңкелердің мәденитті дамытудағы ролі
Дескрипторы:
1-топ.Жәрмеңкелердің халықаралық байланыстағы қызметін талдап, кемінде 2 дәлел келтіреді;
2-топ. Жәрмеңкелердің сауда-экономикалық байланыстағы қызметін талдап, кемінде 2 дәлел келтіреді;
3-топ. Жәрмеңкелердің халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы әлеуметтік қызметін қызметін талдап, кемінде 2 дәлел келтіреді;
4-топ. Жәрмеңкелердің халықтың мәдениеті мен спорт шараларын дамытудағы қызметін талдап, кемінде 2 дәлел келтіреді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 347



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?