Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Алтын Орда мемлекетінің тарихындағы негізгі оқиғаларды талдау, саяси өзгерістерді түсіндіру, Алтын Орда хандарының ішкі-сыртқы саясатына баға беру.
БЫМ: Тақтаға Алтын Орда мемлекетінің картасын шығарып, сұрақтар беріңіз: Мемлекеттің аумағы қай жерлерді қамтыды? Аумағы тұрақты сақталды ма, әлде өзгеріп тұрды ма? Неліктен?
Сабақтың оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысу.
Т Зерттеу және талдау
Оқушыларға Алтын Орда хандары туралы қысқаша ақпаратты оқып шығуға беріңіз.
Т «Тұлғаны таны» ролдік ойынын өткізіңіз. Топтар жеребе арқылы Алтын Орда ханын таңдайды. Топтар ханның есімін атамай, сынып алдында оған қысқаша сипаттама береді. Басқа топтар бұл тұлғаға қатысты сұрақ қою арқылы қай хан екендігін табуы қажет. Қай топ қаншалықты дұрыс жауаптарын тапса, сол топ жеңімпаз болады.
Тапсырма соңында кесте толтырады:
Батый Берке Меңгу Темір Өзбек
Басқарған жылдары
Ішкі саясаты
Сыртқы саясаты
Топтық бағалау
Бағалау критерийі: Алтын Орда хандарының мемлекетті дамытудағы еңбегіне баға береді.
Дескрипторлар:
Алтын Орда хандарының ішкі саясатына қатысты екі факті келтіреді;
Алтын Орда хандарының сыртқы саясатындағы жетістіктеріне екі дәлел келтіреді;
Алтын Орда хандарына қатысты фактілерді анықтайды.
Д. Таңдау бойынша тапсырмалар
1. Блум түймедағы арқылы сұрақ құрастыру (жоғары деңгейлі тапсырма)
2. «Айтылған ойды кеңейту» әдісі арқылы сөйлем құрастыру (орта деңгейлі тапсырма)
3. Мәтіннен маңызды, тарихи, қызықты ақпарат жазу (төменгі деңгейлі тапсырма)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 684



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?