Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2 (9 сынып, I тоқсан)

 Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2 (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар №2
Сабақ мақсаттары: Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырады және Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша оларды шешудің жолдарын ұсынады.
Тақтада суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады. Сабаққа қысқаша шолу жасалады. Оқушыларды 4 топтарға бөлу.
Жаңа сабақты меңгеру.
Түсіндірме жұмыс. Сабақ тақырыбына шығу үшін бейнематериал көрсетіледі.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал әкелуі.
Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға үлкен зиян келеді.
Ол әсер етеді: литосфераға, атмосфераға, гидросфера және биосфераға.
Адамның литосфераға әсер етуі нәтижесінде антропогендік жер бедері қалыптасады:
- Карьерлер,
- Үйінділер;
- Террикондар;
- Жыралар.
Адамның атмосфераға әсер ету нәтижесінде ауаның ластануы жүреді.
- Ең ауасы ластанған қалаларға жатады: Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және т.б.
Адамның гидросфераға әсер ету нәтижесінде су ластанады.
- Еліміздегі Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, Ертіс, Нұра, Есіл, Іле, Сырдария, Талас, Шу, Жайық т.б өзендер ластанған.
Адамның биосфераға әсер ету нәтижесінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің саны азайып, жойылып кету қаупіне әкелуі мүмкін.
Топтық жұмыс. Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындаған мәселелерді зерттеу.
Бағалау критерийлері Дескрипторлар, оқушыға
Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындайтын мәселелерді біледі.
Минералды ресурстарды игерумен байланысты туындайтын мәселелердің шешу жолдарын ұсына алады. Қазақстанның минералды ресурстарын игеру кезінде туындаған мәселелерді атайды
Қазақстанның әрбір аймақтарында болатын мәселеге 1 мысал келтіреді
Минералды ресурстарды игеру кезінде, оның салдарын айта алады
Мәселенің шешу жолдарына 3 ұсыныс жасай алады
Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Топтар қорғап шыққаннан кейін, топтар бір-бірін бағалайды. 1 топ – 3 топты бағаласа, 2 топ – 4 топты бағалап шығады. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Мұғалім топтардың жұмысын қорытындылап шығады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 805



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?