Қазақ оронимдері №2 (9 сынып, I тоқсан)

 Қазақ оронимдері №2 (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Қазақ оронимдері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
 Қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады.
1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.
Оқушылар алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында суреттермен жұмыс жасайды.
Оқушылар суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтап, олардың транслитерациясын екі тілде ұсынады.
Дескрипторлар
Оқушы
-Суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтайды;
-Жер бедерінің түрлерінің атауын орыс тілінде айтады;
-Жер бедерінің түрлерінің атауын ағылшын тілінде айтады.
Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
-Тянь Шань атауы қандай мағына береді?
-Алтай атауы қандай мағына береді?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады.
4. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы
Мұғалім оқушыларға «топонимика» ғылымын және оның салаларын түсіндіреді.
5. Бейнематериал «Туған елдің табиғаты»

Бейнематерилдан кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
-Бейнематериалдан қандай әсер алдыңыздар?
-Туған еліміздің табиғаты жайында не білесіздер?
-Бейнематериалда қандай нысандар көрсетілді?
6. Картамен жұмыс
Оқушылар атласты пайдалана отырып, кестені толтырады. Кестеге еліміздің жер бедерлерінің атауларын шығуына қарай топтастырады.
Таудың пішініне және басқа ерекшеліктері Таудың түсіне байланысты Пайдалы қазбаға байланысты
Аспанға теңеу Жануар,өсімдікке байланысты
Айыртау Алатау Теміртау Көктөбе Арыстанды
Жарықтау Алтай Хромтау Тянь-Шань Маралбасы
Талғар Қаратау Тышқантау
Ұлытау Көкшетау Қоңыртөбе
Дескрипторлар
Оқушы
Пішініне, басқа да ерекшеліктеріне байланысты аталған бедер атауларын жазады. Кем дегенде екі мысал келтіреді;
Түсіне байланысты аталған бедер атауларын жазады. Кем дегенде екі мысал келтіреді;
Пайдалы қазбаға байланысты аталған бедер атауларын жазады. Кем дегенде екі мысал келтіреді;
Аспанға байланысты аталған бедер атауларын жазады. Кем дегенде екі мысал келтіреді;
Жануар, өсімдікке байланысты аталған бедер атауларын жазады. Кем дегенде екі мысал келтіреді;
Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
7. Қазақ оронимдерінің мағынасын түсіндіру
Оқушылар берілген оронимдердің мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын үш тілде жазады.
Нысан Этимологиясы qaz рус eng
Тянь Шань
Алтай
Сарыарқа
Көкшетау
Хан Тәңірі
Үстірт
Бетпақ Дала
Қызылқұм
Ақтау
Қаратау
Торғай үстірті
Дескрипторлар
Оқушы
-Берілген нысандардың атауларының мағынасын түсіндіреді;
-Атаулардың транслитерациясын қазақ тілінде (латын әліпбимен), орыс тілінде, ағылшын тілінде жазады.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.
8. Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-Қазақ оронимдерінің ерекшеліктері қандай?
Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтарға жауап береді және тақырып бойынша қорытынды жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 269



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?