Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте (8 сынып, I тоқсан)

 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады
8.3.1.10 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
Сабақ мақсаттары: Геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдау арқылы геологиялық оқиғаларды ажырату Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. «Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту» ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша)
Cабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын айқындау.
Геологиялық жыл санау – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім.
Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Геохронологиялық кестеде Жер қыртысының пайда болғаннан бергі уақыты мен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығы берілген.
Тапсырма: берілген геохронологиялық кестелерді пайдаланып, кезеңдерге сәйкес постер жасаңыз. Постерде дәуірдің алып жатқан уақыты; геологиялық, климаттық жағдайлары; өсімдіктері мен жануарлар дүниесі болу қажет.
1-топ – архей және протерозой
2-топ – палеозой (кембрий, ордовик, силур)
3-топ – палеозой (девон, карбон, перьм)
4-топ – мезозой
5-топ – кайнозой.
Бағалау: Әрбір топтан бір адам постерді түсіндіру үшін орнында қалады. Топтың қалған мүшелері сағат тілі бойынша келесі топтың үстеліне барады. Осылайша, топ сағат тілі бойынша жылжып, үш топтың постерімен танысады.
Жер бедері-(рельеф) — Жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. «Жер бедері картасы» мен «халық тығыздығы картасын» салыстырыңыз
Тапсырма: Берілген суреттерді пайдаланып осы жерде қандай шаруашылықты дамытуға болатынын ұсыныңыздар.
Постер құрастыру.
Суретте қандай жер бедері берілген және берілген жерде шаруашылықтың қандай түрін дамытуға болады.
Ол шаруашылықтың адам өміріндегі маңыздылығын сипаттаңыз
3. Адамның шаруашылық әрекетінен жер бедері қалай өзгереді?
3. Болашақта өзгеріске ұшыраған жерлердің сапасын қалай арттырға болады?
Постер салу ережесін сақтау
1.Жұмыс ұжымдық болу керек
2.Ұқыпты және оқылымды болу керек.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 491



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?