Географиялық деректер базасын құруда АКТ ның маңызы (8 сынып, I тоқсан)
Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Картография және географиялық деректер базасы
Сабақ тақырыбы: Географиялық деректер базасын құруда АКТ ның маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.2.1 ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады
Сабақ мақсаттары: АКТ қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Теледидардан естіген жаңалықтарынан өткен сабақта өткен қандай географиялық нысандар айтылғанын сұрау. (мұғалімнің қалауы бойынша басқа да формаларды пайдалануға болады. )
«Миға шабуыл»
1. Деректер базасы дегеніміз не?
2. Географиялық деректер базасына не жатады?
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.
Мұғалім географиялық деректер базасы туралы ақпарат береді.
Топтық жұмыс.Тапсырма 1 Терминдермен жұмыс
(ТЖ) Оқушылар рандом бағдарламасы арқылы 5 топқа бөлінеді.
Әр топқа 1 терминнен беріледі. Терминмен танысып, мысал келтіріп, оқушылар сыныпқа түсіндіреді.
Дерекқор, деректер базасы – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің, мәліметтердің реттелген жиынтығы.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Номенклатура - белгілі бір мамандықта қолданылатын атаулардың, терминдердің тізбесі немесе жиынтығы.
Географиялық нысан - белгілі бір географиялық орны, географиялық координаталары бар және географиялық шекараларымен ерекшеленген жер бетіндегі жиынтықтар.
Санаттар дегеніміз элементтерді ұйымдастыруға және оларды оңайырақ табуға көмектесетін құралдар болып табылады.
Сыныптың қажеттіліктеріне сәйкес терминдер бойынша қосымша түсіндіріп өтеді.
(СТ) Мұғалім деректер базасының талаптарымен таныстырады. Таратып береді.
Деректер базасының талаптары:
• мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы;
• жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы;
• мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;
• мәліметтердің реттелген жиынтығы.
Топтық жұмыс. Тапсырма 2. Деректер базасын құру
(ТЖ) Әр топқа әр түрлі материк атауы беріледі (Еуразия, Африка, Солтүстік/Оңтүстік Америка, Австралия).
Деректер базасын құрастырудың алгоритмі таратылады.
1. EXCEL бағдарламасында құжат құрыңыз
2. Құжаттың атын Оңтүстік Америка деп өзгертіңіз
3. Құжатқа 2 парақ қосыңыз
4. Парақтардың атын ауыстырыңыз: таулар, жазықтар, өзендер, шөлдер, көлдер
5. Атлас, физикалық карта, google карталарды қолданып, әр санатқа 5 географиялық нысаннан енгізіңіз
6. Құжатты сақтаңыз
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың ноутбуктары болуын сұраныңыз (ең болмаса 5 топқа 5 ноутбук-әр топта 1) немесе информатика кабинетіндегі компьютерлерді пайдаланыңыз(осы сабақты өтуге компьютер кабинетін сұраңыз, ең болмаса ватманға EXCEL бағдарламасының құжаты сияқты етіп сызып үлгі дайындап беріңіз, осы құжатқа атластары мен ұялы телефондарын пайдаланып, деректер базасын жасасын.
Топтық жұмысты бағалау критерийлері таратылып беріледі. Әр топ өз жұмысын сыныпқа ұсынады. Критерийлер арқылы топтар бір-бірін бағалайды
Бағалау критерийлері № Дескриптор
Географиялық деректер базасы 1 - әртүрлі географилық нысандардың тізімін құрастырады:
- АКТ қолданып, географиялық нысандарға қатысты номенклатураны кесте түрінде ұсына алады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?