Географияның зерттеу объектілері болып не табылады? (7 сынып, I тоқсан)

 Географияның зерттеу объектілері болып не табылады? (7 сынып, I тоқсан)

Пән:География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып: Географияның зерттеу объектілері болып не табылады?
Оқу мақсаты: Географияның зерттеу объектілерін анықтайды.
Сабақтың мақсаттары: Географияның зерттеу объектілеріне ненің жататындығын анықтау.
Сабақтың басы
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу.
(М) Сабақ тақырыбын анықтау: оқушыларға тақырыптық ресурстар беріледі және сабақ тақырыбын анықтау ұсынылады:
Сабақ тақырыбын анықтау.
(М) оқушыларды оқу мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру және терминология мен сабақтың тілдік мақсаттарына назар аударту
Сабақтың ортасы
(П, ҚБ). Сыныпты жұптарға бөліңіз.
(М) оқушыларды тапсырма мазмұнымен таныстырыңыз, бағалау критерийлеріне назар аударыңыз және ҚБ тапсырмаларын орындаудың аяқталуы бойынша оны дискрипторлар бойынша бағалаңыз.
(П) №1-тапсырма.
А. Терминологиямен жұмыс (сөздерді бөліп кесу қажет).
1. Ұсынылған сөз орамдарын қолдана отырып, географияның ғылым ретіндегі анықтамасын тұжырымдаңыз.
2. Екі анықтаманы салыстырыңыз, анықтамалардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз.
Жауабы:
1. География - географиялық қабықты (оның компонеттерін), шаруашылық пен халықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың кешені.
2. География – бұл климат, топырақ, жер бедері, өсімдік және жануарлар дүниелері, адам мен өнеркәсіп туралы білімдерді біріктіретін және қоршаған ортаны біртұтас жүйе ретінде қарастыратын ғылым.
(М) Мәтінмен жұмыс
№2-тапсырма.
Мәтінді оқып шығыңыз, ұсынылған сұрақтардың жауаптарын талқылаңыз:
1. География ғылымы қандай сұрақтарға жауап беретіндігін туралы ойланыңыз және анықтаңыз. Мәтіннен дәлелдер келтіріңіз.
2. География құрамына қандай ғылымдар кіреді?
3. Сіздің көзғарасыңыз: Бұл ғылымдар нені зерттейді?
Жұптарды топтарға біріктіріңіз. Мәтіндер таратып беріңіз.
(Т) Мәтінмен жұмыс
№3-тапсырма.
А. Ұсынылған мәтінде,
a. География ғылымының саласын анықтаңыз;
b. Географияның зерттеу объектілерінің тізімін құрастырыңыз.
В. Өз көзғарасыңызды білдіріңіз:
Неліктен осы зерттеу объектілерін оқып білу қажет?
Сабақ соңы
Тақырыптық білімдер мен дағдыларды бекіту.
Ұсынылған суреттер бойынша, географияның зерттеу объектілерін анықтаңыз және оларды географияның салалары бойынша жіктеңіз...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 149



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?