Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді) (4 сынып, II тоқсан)

 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді) (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді)
Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды мұғалімнің көмегімен табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
Көптеген оқушылар:шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды сызба арқылы табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды өздігінен табады, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Доп лақтыру»ойыны.
Оқушылар шеңберге тұрады. Жануарларға қатысты жылқы, қой, сиыр, тай, қозы, бұзау деген сөздерге мағыналас сөздер айтып, біріне бірі доп лақтырады. Мысалы жылқы болса – бие болуы мүмкін. Тай десе – жарыс. Қой десе – қозы. Ойын соңында әр жануардың атауларына байланысты мағыналас сөздерді айтуға болатынына назар аударылады.
Саралау: мағыналас сөздерді айтуға қиналған оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсетіледі.
Оқу мақсатын хабарлау:
Бүгінгі сабақта біз шығарманы түсініп оқып, көркемдегіш құралдарды табуды, оқыған шығармаға сүйене отырып хат жазуды үйренеміз.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ; Т; МК)
«Қақпа» әдісі арқылы оқушыларға Қобыланды батыр жырынан «Тайбурылдың шабысы» үзіндісін саналы түрде, тсінісіз сөздерді тауып оқып, белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Іштей саналы түрде түсініп оқу алдында өлең мазмұнында кездесетін түсініксіз немесе уақыт тақырыбын білдіретін сөздерге талдау жасалады Сөздер тақтаға жазылып ілінеді
Қалың қият
бурыл гуледі
Төрт аяғы көсілді
Сеңгір – сеңгір таулар
Мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Әр топтан бір оқушы сол сөзді кестеге толтырады. Бір оқушы сөздікпен жұмыс істейді. Келесі оқушыға сөйлем құрастыру ұсынылады. Бір оқушы гол салады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.
Сөз Біз қалай түсіндік Сөйлем құрастыр Сөздіктегі мағынасы
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.
(ҚБ) «Смайликтер» арқылы топтық бағалау.
2-тапсырма
(Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Тайбурылдың шабысы» жырынан өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді.
Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтарталқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді.
Сұрақтар үлгісі:
- Жырда автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз?
- Автор тайбурылдың шабысын қалай бейнеледі?
- Тайбурылдың сеңгір таулардан өткен жерлері қалай суреттелген?
- Тайбурылдың Қобыланды батырға беріктігі туралы қандай қорытынды айтар едің?
Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.
3-тапсырма
(Т, ОТ) «Салыстыру картасы»
Оқушылар топтасып «Қобыланды батыр» жырынан әдеби көркемдегіш құралдарды тауып, «Салыстыру картасына» белгілей отырып оқуға ұсынылады. Әдеби көркемдегіш құралдардың түрлеріне тоқталып, қайталанады.
Бірлесе отырып талқылау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін алдымен теңеу, эпитет сөздерді табуға назар аударылады. Әсірелеу ұғымы туралы түсінік беріледі.
Әсірелеу, гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі.
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай илейді...
Қарсы келген қабақтан,
Қарғып басып жөнелді.
Сеңгір – сеңгір таулардан,
Секірте басып жөнелді.
әсірелеу
теңеу
эпитет
кейіптеу
Саралау. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
(ҚБ) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы . оқушылардың көркемдегіш құралдарды белгілеулері өзара бағаланады.
4-тапсырма
(Т; Ө) «Фишбоун» әдісі»
Батырлар жырының мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс (сызба) жасау ұсынылады. Әр топқа балық қаңқасының сызбасы беріледі. Оқушылар топтың ішінде талқылап, сосын өздігінен сызбаны құрастырады.
Нұсқау:
Басы – тақырыпқа сай сұрақ;
Құйрығы – сұраққа жауап немесе қорытынды;
жоғарғы жақ сүйектері – мәселе себептері;
төменгі жақ сүйектері – себептердің салдары.
Саралау:Қорытынды саралау тәсілі.
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау:
˗ жырды қатесіз, мәнерлеп оқиды;
˗ сұрақ құрастырады;
˗ сұрақтарға жауап жазып, қорытындылайды;
˗ мәселенің себептерін жазады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 471



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?