Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» (3 сынып, II тоқсан)

 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам»
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру.
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңнің мазмұнына сәйкес сызбаны толтырады.
Көптеген оқушылар: өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды, түрлі дерекөздерден ақпаратты табады және сызбаға сәйкес мәлеметтерді жинақтайды.
Кейбір оқушылар: өлеңге сай ырғақты таңдап оқиды, өлеңдегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады, түрлі дереккөздерден жинақтаған мәлеметтерді сызба толтыруда, мәтін құрастыруда қолданады.
Сабақтың басы
Астана қаласының көрнекті сәулет орындары бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінеді.
 «Бәйтерек»
 «Нұр Әлем» сферасы
 Бейбітшілік және келісім сарайы
 Ақорда.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
˗ Суреттегі сәулетті ғимараттар қай қалада орналасқан?
˗ Астана.
˗ 1- тапсырма
Ширату тапсырмасы. (ТЖ) – Олай болса, Астана қаласы туралы білгенмізді ортаға салып, топтаса отырып, бес жолды өлең құрастырайық.
˗ Синквейн стратегиясы (бес жолды өлең):
Құрылымы көрсетіледі. Мысалы
Зат есім Астана
Сын есім Көрікті, сәулетті, жас
Етістік Көркейеді, гүлденеді, өркендейді.
4 сөзден тұратын сөйлем Еліміздің ертеңі- арман қала.
Тақырыпты ашатын синоним сөз Елордасы
Бес жолды өлеңді құрастыруда оқушылар Астана туралы білгендерін естеріне түсіріп, ортаға салады. Алдыңғы білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді.
Сабақтың ортасы
2- тапсырма
«Бірлесіп оқу» әдісі бойынша «Мақтанышым - Астанам» (Ермек Өтетілеуов) мәнерлеп оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқудың талаптары беру;
Іштей оқу;
Дауыстап түсініп оқу;
Оқу барысында түсініксіз сөздерді түртіп алу;
Сөздікпен жұмыс.
Өлең мазмұнына сәйкес өз ойларын білдіру.
Мұғалім өлеңді оқу үлгісін көрсетеді. Сонан соң оқушылар алдымен жеке, сонан соң топта көңілді дауыс ырғағына салып кезек-кезек оқиды.
(ҚБ)
- өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқиды;
- дауыс ырғағын, интонациясын, екпінді сақтайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Бір- бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
«өте жақсы»; сары түс – «орташа»,
қызыл түс – «нашар».
3- тапсырма
(ЖЖ) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары
дүниеге келген?
Мәліметтерді сызбаға түсіруде дайындық жұмысы ретінде жүргізіледі.
Сергіту сәті
«Атомдар мен молекулалар» әдісі
Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Топтасу барысында «Қызу еңбек қайнаған,
Алып құрылыс айналам» деген өлең жолдарын талқылайды. Астанадағы білетін ғимараттардың атауын айтады.
4- тапсырма
(ТЖ) Сабақтың басында топтар Астананың сәулетті жерлері бойынша топқа бөлінген. Сол суретке сәйкес әрбір ғимараттар туралы қысқаша мәтін беріледі. (Мүмкіндік болған жағдайда гиперсілтемелер арқылы дереккөздерден қаратуға болады.) Әрбір топ мәтінмен танысып болған соң сызбаны толтырады.
1- топ. Бейбітшілік және келісім сарайы
Бейбітшілік және келісім сарайы - ел арасында «Пирамида» деп аталып кеткен. Ол 2006 жылы 2 қыркүйекте ашылды. Қазақстанның елордасы Астананың басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бұл ғажайып құрылыс соңғы жылдары салынған әлемдегі ең бірегей ғимараттардың қатарында. Ғимараттағы тағы бір ерекшелігі – мұндағы лифт көлбеу қозғалады.
2- топ. Бәйтерек
Елорданың символына айналған кешенінің биіктігі - 97 метр. Ол кездейсоқтық емес, 97 саны астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шардың диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Ол «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты оның түсі құбылып тұрады. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – Қазақстанның бір символы.
3-топ. «Нұр Әлем» сферасы - диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Ол «Экспо» халықаралық көрмесінің ашылуында пайдалануға берілді. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасқан. Сфера ішінде Болашақ мұражайы бар. «Нұр Әлем» көрме өткеннен кейін инновациялық әрі маңызды зерттеу және мәдени орталыққа айналады.
4-топ. Ақорда- Елордадағы ең әдемі ғимараттардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. 2004 жыл ашылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метрді құрайды. Оның биіктігі – 86 метр. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастарынан салынған. Үстінде 5-қабатты және жер астында 2 қабатты аумағы бар.
(ҚБ) Дескриптор:
˗ мәтінді түсініп оқиды;
˗ ақпаратты сызбаға түсіреді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Топта тапсырманы бірлесіп орындайды.
5-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө) Сурет бойынша «Көрікті Астанам» тақырыбына мәтін құрастыр (8-10 сөйлем).
Мәтін құрастыруға уақыт беріледі. Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін, бірін- бірі бағалайды.
Саралау: Оқушылар қабілеті бойынша тапсырманы орындайды. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді, дереккөздерден алынған мәліметтерді қолданады.
(ҚБ) Дескриптор:
˗ сурет бойынша 8-10 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
˗ мәтін құрастыруда құрылымын сақтайды;
- қатесіз сауатты жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 532



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?