Шығарманың жоспарын құру Жапырақтың күзгі серуені Ертегі (3 сынып, II тоқсан)

  Шығарманың жоспарын құру Жапырақтың күзгі серуені  Ертегі  (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құруЖапырақтың күзгі серуені Ертегі
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығарманың логикалық бөліктерін бірлесе табады;
Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды, шығарманы ның логикалық бөліктерін анықтай алады;
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды, өз ойын мәтіннен мысалдар келтіріп дәлелдейді, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, ат қояды, жоспар құрастырады
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы:
(Ұ) «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдici
Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe (1-1,5 минyт) бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзaды. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap бұл пapaқтapды дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa бip-бipдeн «қap дoмaлaғын» aшып, ішіндегі сөзді oқиды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.
Бастапқы білімді қайталау
«Кір жайылған жіп» әдісі
(Ұ) Тақтаның алдына жіпке кірқыстырғыштармен сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Сұрақтар алдыңғы сабақта өткен материалдың мазмұнына байланысты болу керек. Тақта алдына бір оқушыдан кезектесіп шығады да сұрақтарға жауап береді. Жауап дұрыс болса, оқушы сұрақты өзімен бірге алып отырады, қате болса, орнына іледі.. Жіптегі сұрақтардың барлығына жуап бергенше оқушылар кезектесіп шығады. Қызықтыра отырып сұрақ қою арқылы оқушылардың зейіні сабаққа шоғырландырылады.
Сұрақтар үлгісі:
- Жыл мезгілдерінде қай уақыт саған ұнайды? Неліктен?
- Көктем мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтел айта аласың?
- Жаз мезгілінің қандай ерекшеліктерінен мысал келтіре аласың?
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болатындығына, өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізеді.
(ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy үшін оқушылар «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpылады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқып, оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
Ағаштардың атаулары бойынша үш топқа бөлінуді ұсынуға болады: «терек, емен, үйеңкі»
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т; МК) «Кім жылдам?» ойыны
Оқушылардың белсенді оқу тәсілдерін арттыру мақсатында жылдамдыққа тапсырма орындатылады. Топтарға суреттер топтамасы таратылады. Әр топ суреттер топтамасын қарастыра отырып, күз мезгіліндегі жапырақтар туралы әңгімелейді. Қай ағаштың жапырақтары екені, түстеріне, көлеміне назар аударылып, топтық талқылау жүргізіледі. Талқылауға өсмдіктер туралы қосымша дереккөздердер ұсынуға болады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы жапырақтар түрлері туралы түсінгендіктерін көрсетеді, үш түрлі түспен бағалайды.
2-тапсырма
(Ұ; МК; Т) «Айрықша тапсырма» әдісімен оқушылар «Жапырақтың күзгі серуені» ертегісін оқып, тапсырмалар алады. Оқығаны бойынша шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды. Үлкен қағазға/параққа жапырақ суртеі салынып ұсынылады.. Әр топ өз суретінің айналасына бөліктерін көрсетіп әр бөліктің атын жазады. Неліктен сондай бөліктерге бөлгенін айтады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мәтінді әртүрлі бөліктерге бөлуі күтіледі.
(ҚБ) Оқушылардың мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюын топтар бірін-бірі «Смайл» әдісі арқылы бағалайды.
3 – тапсырма
(МК; Ж) «Кім байқағыш» әдісі.
Оқушылар жұптасып «Жапырақтың күзгі серуені» ертегісін түсініп оқи отырып, жапырақшаның серуені сипатталған тұстарды анықтап кестеге белгілеп жазады. Алдыңғы сабақтағы танысқан шығармалармен салыстырады. Талқылау кезінде оқушылардың жұппен жұмыс жасау дағдылары дамытылады.
Кесте үлгісі:
Жапырақша қандай болды? Жапырақша қайтті?
жап-жасыл түсін өзгертіп, сап-сары болып шықты
Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.
ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.
4-тапсырма
(Ұ; МК; Ө) «Бірлескен оқылым» әдісімен «Жапырақтың күзгі серуені» мәтінін тізбектей оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Ұжыммен мәтінге талдау жасап, бастапқы ортаңғы, соңғы бөлімдерін тауып қоршап сызу тапсырылады. Әр бөлікке ат қойып, бөліктердің атауларына сүйене отырып, әр оқушыға өздігінен жоспар құру ұсынылады.
Жоспардың үлгісі:
1. Жап-жасыл жапырақшаның өмірі
2. Жапырақшаның ұйқыдан оянғаны.
3. Жапырақшаның серуені.
4. Жапырқшаның қорқынышы.
Саралау. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларға мәтінді бөліктерге бөлуге қиналған оқушыларға ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетуге болады.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау
«От шашу» әдісі арқылы оқушыларға әңгімеге талдау жасап, қалай бөліктерге бөліп жоспар құрғандары үшін өздерін бағалау ұсынылады.............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 826



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?