Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақ мақсаты: 8. Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың жүргізілу барысы
1-тапсырма Оқушылар «Нар идірген» күйін тыңдайды. Күйді тыңдай отырып «Күй аңызы» әңгімесін оқиды.
Блум сұрақтары арқылы мәтінді топта талдату:
• Естемес пен Оразымбет қайда сапар шегіп келеді?
• Жазушының әңгімесі мен « Нар идірген» күйінің арасында қандай байланыс бар?
• Естемес қартқа қандай өтініш айтты?
• Оразымбеттің неге қобалжыды?
• Жаңылдың ойын Естемес күйші қалай түсінді?
Бейнелеуші-суреттеуші. Оқушылар шығарма бойынша сурет салып, таныстырады.
2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Мәтіндегі таңдаған кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.
2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарып,кейіпкер монологын мәнерлеп жатқа оқиды.
3-тапсырма «Жүйелеу» әдісі-тәсілі
Оқушылар берілген тақырыптарға байланысты шығарма үзінділерін іріктеп, үзінділерді өз ойларымен дәлелді қорытындылап жеткізеді.
1. Қос салт атты.
2. Жырда кездескен жалғыз нар.
3. Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
4. «Нар идірген» күйінің өмірге келуі.
4-тапсырма «Креативті жазу»
Мұғалім шығармадан бірнеше үзінділерді таратады. Оқушылар оларды өз таңдауы бойынша бөліп алып, қайта өңдеп, креативті жазады.
Ұсынуға болатын үзінділер:
«Күйші сезімінің оянған сәті»
Бір тізерлеп отыруы күйшінің мына тартысы бөлек еді.Қайтадан сергіп,балапандай талпынады. Естемес күйге елігіп,өзге дүниені ұмытып кетті.Күйші көңілі де күй қанатына ілесіп,алысқа самғады.
« Әлденеге талпынған көңіл құрғыр...»
Дір етіп,бір шошынып қалған күйі әлгі тапқан жайма шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңды сазға ауысып,күңіреніп барады. Жалт еткен арманынан айырылып қалғандай. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті: «Заманым өткен екен ғой» деп ах ұрып жалт бұрылды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 850



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?