Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 8-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
« Оқу атысы» жаттығуы
 Бірінші ғаламшарға сабақтың тақырыбы жазылады.
 Екінші ғаламшарға оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы қандай оқу мақсатымен жұмыс жүргізілетіні туралы жазады;
 Үшінші ғаламшарға мақсатқа қандай тапсырмалар орындау мүмкіндігі болатынын болжап жазады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
1-тапсырма. «Ойлаудың алды қалпағы» әдісі
Оқушылар топта қалпақтар бойынша талдауға қатысатын тапсырмаларды алады.
Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру.
Сары қалпақ - Мерген мен Сартайдың іс-әрекеттерін қолдау.
Қызыл қалпақ - Балалардың іс- әрекетіне өз эмоциясын жеткізу.
Қара қалпақ - Балалардың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту.
Жасыл қалпақ - Сартайды қорқытпаудың қандай жолдары бар еді?
Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау.
2-тапсырма. «Мәтіндік зерттеу» әдісі
Оқушыларға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік унверситетінің PhD докторы Қ.Қ.Аубкированың «Ғылыми фантастикалық шығармалардағы ортақ негізгі принцип» тақырыбындағы мақаласы таратылады.
Оқушылар жұппен «Ғылыми фантастикалық шығармалардағы ортақ негізгі принцип» тақырыбындағы мақаланы оқиды;
Оқушылар ғалымның фантастикалық шығармалар туралы пікірін өз ойларымен байланыстырып талдайды.
3-тапсырма. «ҒЗО» әдісі
Оқушылар шығарма мазмұны бойынша «Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады. Жұмыстың өмірмен байланысы болуы керек. Жобада «Айға жасырынбақ» шығармасының жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді.
 ҒЗО (ғылыми зерттеу орталығы) қызметкерлері (оқушылардың бір немесе бірнеше тобы) көркемдегіш құралдарды анықтайды;
 Автордың суреттеудегі қолдану ерекшелігін топтасып талдайды;
 Автор қолданысына пікірді өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен орындайды.
 Біткен жұмысты кестеге түсіріп, қабылдау комиссиясына (2-3 үздік оқушы) жоба қорғау түрінде өткізеді.
 Комиссия қабылдамаса, жұмысты қайта толықтырады.
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің бүгінгі күнмен байланысын, ұлттық сипатын заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді топта «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша талдау жүргізеді
шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды
фантастикалық шығармалар принципі туралы мақаланы оқиды
ғалымның пікірін өз ойымен байланыстырып талдайды
«Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады.
Жұмысты өмірмен байланыстырады
«Айға жасырынбақ» әңгімесінің жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 495



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?