Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Тағдырластар (8 сынып, III тоқсан )
Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Тағдырластар
Оқу мақсаты: А/И1. Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Сезім мүшелері» әдісі
Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарманың композициялық құрылымын жан -жақты талдайды. • Шығарманың композициялық құрылымын ретімен көрсетеді;
• Шығарма бөлшектеріне талдау жасайды;
• Оқиға желісін өз ойымен байланыстырады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі
Сынып оқушылары алдымен М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» аудиожазылымын тыңдайды. Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған шығарма нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. Бірінші «Шығармадағы басты тұлға кім?,Романның композициялық құрылымын ретімен көрсетіңіз?, Шығарманың басты тақырыбы мен идеясы туралы не айтасыз ?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы шығарма идеясын, композициялық құрылымын анықтап, зерттейді. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.
Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады. Деңгейі орта оқушыға автор көзқарасын өз сөзімен үшінші жақтан сипаттап жеткізеді.
3. Мағынаны тану
Композиция-Атау- Көзқарас
• К – Композиция
Шығарманың композициясын анықтау маңызды. Шығарма бөлшектеріне талдау жасау арқылы романның композициялық ретін анықтаңыз.
• А-Атау
Шығарманың композициялық ретіне талдау жасап болғаннан кейін, атауына қайта назар аудар. Шығарманың аты туралы не ойлайсыз?
• К-Көзқарас
Шығарманың тақырыбы? Романда көтерілген мәселе туралы ойыңыз қандай? Шығармадағы оқиға желісін өз көзқарасыңызбен қорытындылаңыз.
3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығарманың композициялық ретін сақтай отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.
• Оқиғаның басталуы ...
• Оқиғаның байланысы...
• Оқиғаның дамуы...
• Оқиғаның шиеленісуі...
• Оқиғаның шарықтау шегі...
• Оқиғаның шешімі...
4. Бекіту
4-тапсырма «Теңдеу» әдісі
Бұл тапсырманы орындау кезінде «Теңдеу» әдісі қолданылады. Сынып оқушыларының барлығына шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар үзінділерден өздеріне ерекше әсер берген оқиғаларды тауып айтады. Ойларын «Мысалы...» деген сөзбен байланыстырып отырады. Бірінші жұп шығарма үзіндісінің 1бөлігін оқиды да, «мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды, ары қарай екінші оқушы оның сөзін өз сөзімен толықтырады. Екінші жұп осы ретпен тапсырманы ары қарай орындауды жалғастырады. Барлығы өз көқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен шығарма жайында былай ойлаймын... » деген сөзбен ойды аяқтайды. Тапсырма соңында оқушылар оқырман атынан кейіпкерге жеке эмпатиялық хат жазады.
5.Салыстыру
5- тапсырма
«Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі
Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әрқайсысы шығарманың бір эпизодын таңдап алып оны жазушы өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайлармен салыстырады. Шығарма үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізіп айтады.
6.Бағалау «Сюжеттік кесте»
1.Оқушылар шығарманы оқиға желісі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып талдайды.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге?
2. Шығарма бөлшектерін талдау кезіндегі өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға беріп, кестені толтырады.
Маған қатты әсер етті себебі ..............................................................................................................................................
Мені таңғалдырды себебі ..............................................................................................................................................
Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.
Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?