Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Идеялар тоғысы (8 сынып, III тоқсан )
Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Сабақ мақсаты: Шығарма тақырыбы мен идеясын басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды..
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбы , сабақ мақсаты мен жетістік критерийлерін анықтап алу. Жұмыс алгоритмімен танысады.
Топқа бөлу. Кейіпкерлер аты жазылған стикерлер арқылы топқа бөлу.
Үй жұмысын сұрау. "Бір айналым" әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. «Бетпе-бет» әдісі
Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Мысалы:
Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
Ғали саутты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?
Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?
2-тапсырма. «FILA толтыру» әдісі
Топтарға қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны жазылған қима қағаздар таратылады.
Топтағы оқушылар тапсырма түрлерін бөліп алады.
Жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан тарихи деректер жинау;
I /Пікір /– тарихи кезең туралы өзінің ой-пікірі;
L /Сұрақ/– тарихи кезеңді ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың тарихи кезеңді суреттеудегі қолданған тәсілі .
Деректер Ойлар Сұрақтар Іс-әрекет
1-топ
Міржақып Дулатов "Бақытсыз Жамал" романының қысқаша мазмұны
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда,аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылады.
2-топ
С.Торайғыров «Қамар сұлу» романының қысқаша мазмұны
Қамар Омар деген жаңашыл, ашық пікірлі адамның қызы. Қамардың Қасен деген орысша оқып жүрген ағасы бар. Осы Қасенмен бірге оқып жүрген Ахмет Жəуке баласы дейтін, шаруасы кедей, бірақ жігітшілігі оңды жігіт бар. Осы Ахмет Қамарға ғашық болады. Қамар Ахметті жақсы көреді, бірақ ол кездегі əдет-ғұрыптың күштілігін ойлап, Ахмет сықылды кедейге үйінің бермейтінін болжап, жақындаспайды. Ахмет хат жаза бастағасын Қамар жауап қайтарып күдерін үздіреді. Сүйетіндігін, бірақ ол сүюден іс шықпайтындығын көрсетеді. Ахмет бұған əуелгі кезде қарсы болса да, артынан Қамардың қиналғанын, шынын айтқанын көріп, оған разы болады да, құмартуын ішіне сақтап, сөз салуын тоқтатады. Хат жазысу дəуірінде жүргенде, елдің Қамарға қолы жете алмаған боз балалары Ахметтің бір хатын қолға түсіріп ап, неше түрлі өсектер қосып, Омардың ағасы Оспанға береді. Оспан елдің жуан ақсақалы мынадай кемшілікті (ерте кезде кедейдің бай қызын алам деуге де байға кемшілік көрінді ғой) көргесін, Ахметке пəле жауып, 18 айға абақтыға жаба жаздатып аллалатып əзер тастайды.
Сол елде жорға Нұрым дейтін өзі бай, өзі болыс, өзі беделді, жасы қартаң тартқан бір адам болады. Осы адам Қамарды көңіл етеді. Омар оған көнбейді. Бірақ Оспан еріксіз деп, Омарды талдырып көндіреді. Өзіне несіп болмаған Қамарды Ахмет жорға Нұрымға қимай, теңіне бармағанына назаланып «жар- жар» орына «зар-зар» деген өлең шығарады.
Жорға Нұрым малын беріп болғасын Қамарды алмақ боп келеді. Қамар бармаймын дейді. Əкесі берейін дейді. Той жасалып неке қияр оқылатын кезде Қамар көнбей отырып алады. Неке қиюға шақырған молда Жорға Нұрымның сойылын соғып, Қамарды көндірмекші болады. Бірақ Қамар көнбейді. Молда айтып көндіре алмай, ақырында зорлай алмаймын деп кетіп отырады. Оспан мен жорға Нұрым молданы кеткеніне кінəлап, айыпқа астындағы атын алып қалады. Сол күні кешке Қамарды қатындар зорлап күйеуге апарады. Еріксіз барған Қамар, мен саған араммын деп, Нұрымның қасына жатпай қашып кетеді. Қызының мынандай еріксіздігін көрген Омар «бермеймінді» енді табан тіреп айтады. Оспан мен ел адамдары айтқанға көнбейді. Ақыры, Оспан мен Жорға Нұрым жасырын алып қашу шартын жасасып, Нұрым қайтып отырады. Артынан қапысын тауып Нұрым көп адаммен келіп Қамарды тартып əкетеді.
Қамар көнбейді. Құсамен ауруға шалдығады. Елі оны Ахметтің дуасы деп түсінеді. Доктор чахотка деп таниды. Нұрым оған сенбей бір ишанды алдырып, ишан емдейді. Жазылады дейді. Қамар оған да жазылмайды. Ишаннан кейін бақсы емдеп, өлуге жақын отырған Қамарды «ауруын көшіруге» өлген адамдардың моласына апарады. Сол арада Қамарды іздеп Ахмет пен Омар кеп қалады. Қамар Ахметті тани кетеді. Жылайды, Ахмет те жылайды. Қамарды үйіне апарғанда Нұрымның ренжігеніне қарамай Ахмет те барады. Жанжал, төбелес болады. Романның бұдан былайғы жері жоғалған. Ақыры немен тынғаны жоқ. Жалғыз аяғында емес, ортасында да жоғалғандары бар, бірақ, олар романның жалпы мазмұнын ұғынуға кемшілік келтірерліктей емес.
3-топ
Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” романының қысқаша мазмұны
Алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады. Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, былғанған ары – осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қарамұрт орыс офицеріне еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген. Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды. Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады. Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты қайда – мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан нанымды жауаптар берілген. Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, тау-таспен зар еңіреп сыңсуы, балалық, асыл қасиеттерінен айрылғанын жоқтап, терең қайғы шыңырауына батуын зор шеберлікпен бейнелейді. Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады. Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз сәби – Ескендірдің өмірге келуі – мұның бәрі сала-сала реалистік оқиғалар болып берілген. Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды. Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-қозғалыс – бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, персонаждардың өзін-өзі сипаттауы Жүсіпбек Аймауытов жиі қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген себебі – Мамырбаймен ескі араздығы. Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор – Жылтыр деген көксоққан, естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген. Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды-салт – бұлардың баршасын жеріне жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді. Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат бел алған. Ақбілек – Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ – Ақбілек арнасы – бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ қатарлас азамат, өмірлік жар тауып, азаптан туған перзенті – Ескендірін қайта сүйіп жазушы басқа өмірдің бір белгісі, мезгіл мінезінің сипаты деген көркем ой тастайды.
4топ
Спандияр Көбеев «Қалың мал» романының қысқаша мазмұны
Бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Би-болыстардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады. Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік жағдайдың да жемісі. Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке алу керек. Тұрлығұл елге - зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар Тұрлығұлдың әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау. “Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген ирониясы, юморы байқалады. Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса ол да жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана. ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында. “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”. Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге болады. Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан бөлек әлем. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес. Тұрлығұл сонша қатал-әрекет адамы болса, күйеу баласы Шалқанға қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа қарсы қалай болғанда да бір әрекет жасар еді. Тіпті солай болғанда да Тұрлығұлдың кейінгі әрекеттері тым жеңілдеу, автордың мінездеуіне сай емес. “Романды жазудағы тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді”. “Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да автор осы мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі әлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеледі. 60-тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын басқа нәрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. “Маған бермесе де малға береді” – деп, Ғайшаны малға алатынын біліп отыр. Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік. Енді қыз әкесі Итбай мен Ғайша ауылына келейік. Әбіш келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда ес қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Әлде ақшалай алсам ба екен” – деп тыным таппаса, оның жақын ағайындары Амантай мен Жамантай, Қарақұлдардың пікірін қараңыз. “Бәрі бір дауыспен, жарайды, жат жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, ол дағы бір орын ғой, әйел баланың орны табылған соң не керек, мал десе малы бар, бай десе бай”. 60-тағы Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа қарсылық та бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын естіген бойда-ақ ыршып түседі. “Мен он қырықжетіболса да баламдышалғаберуге риза емеспін”. Бірке, Әлкен, ЖүністерҒайшатілегінтілейді. Оны құтқарсаңшыдепҚожашқатілекбілдіреді. Ғайшаныңшілдеханадаайтқанөлеңінестіп, қыздаржылапалса, Серғазы да ойғақалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұлалпыста, әлдеодан да артық па, бір аппақ шалғабарыпбишара қалайадамболады. Обал! Обал!...Ешкімгежазығыжоққорқызықсекілдібайғұстыңобалынабекеркіріскенекем, ендіретікелсеқұтылуынасебепкерболсам”. СерғазыныңҚожанҒайшағауақиғасынаараласып, оларғатілекшіболуыныңнегізгі сыры осы. СолтәріздіИтбайдыбілетінкөпшілік те Ғайшаныңжайынестігесін “бүйтіпалған малы құрысын” – дейді.
3-тапсырма. «SWOT талдау» әдісі
Топтағы оқушылар алдымен жұпта ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны бойынша берілген мәтіндерге талдау жүргізеді.
Жұптар немесе топтар арасында жұмыстар алмастырылады, танысып, қорытынды жасайды.
Кейіпкерлерге талдау жүргізе отырып, автордың жаңа идеялары мен бағыттарын көрсетеді.
Кейіпкерлер бойындағы құндылықтарды қазақ әдебиетіндегі ұқсас кейіпкерлермен салыстырады.
S – strong – Кейіпкерлердің мықты жақтары
W – weak – Кейіпкерлердің әлсіз жақтары
O – opportunities - Кейіпкерлердің мүмкіндіктері
T – threats – Кейіпкерлерге қатысты қауіп-қатер
4-тапсырма.«TeD әңгімелері (talks)» әдісі
Оқушыларға романның тарихи және көркемдік құндылығы туралы пікірлер жазылған қима қағаздар беріледі.
Оқушылар қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармаларды салыстырып, талдау жасаған жұмыс нәтижесін берілген пікірмен байланыстырып 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке дайындайды.
Оқушылар 5 минуттық сөз дайындауға негіз болатын пікірдің өзектілігіне мән беріп, креативті ойлаулары керек.
«Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсаты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. ... Әр әдеби туынды, көркем шығарма өз заманының көркем бейнесі. Жоғын жоқтап, барын түгендейтін жансыз жанашыры. Дәл қазір бұл романның көркемдігін осы заман талабымен, талғамымен көрсете алмасымыз анық. Ол заман келмеске кетті. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір белес, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз... М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романын жазу үстінде қазақтың өзіне дейінгі дәстүрлі әдебиетіне сүйенген. Орыстан, батыстан үйренді десек мықтап қателесеміз. Қазақтың арыдан беріге дейінге фольклоры мен маржан әдеби жауһарлары тоғысып романның көркемдік тіліне, стиліне, формасы мен құрылысына қызмет еткен. Жаңғыртып, дамытып, өзіндік ізденіспен қанаттандырған.»....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?