Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 7-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;
Сабақ мақсаты: автор образы мен кейіпкерлер қарым-қатынасын ашу үшін олардың сөздеріне, яғни репликаларға, диалог, монологтарға талдау жасау.
Сабақ барысы:
1. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
2.Өтілген тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.
Кейіпкер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді.
КЕЙІПКЕР КІМНІҢ СӨЗІ?
Қамажай Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күнбұрын білген қуаныш - қуаныш емес
Нәзила Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Отбасындағы, қызметтегі, махаббат, тағы-тағылар саласында...
Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске апарар күрес.
Темірбек
Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.

Омар Теміржан, қой, қарағым. Сені ... сені бөтен деп ... Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады...

Ермек Мінезім солай. Не тапсам да, тілімнен табатын шығармын. Бірақ сені келемеждеп не табам? Мен... бәрін түсінем. Түсінем деп жүріп ештеңе байқамағына таңғалам... Адам жанының бұл да бір жұмбақ сыры ғой. Айтқаның дұрыс болды. Шын жүрегімнен тілектеспін.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Т. 1-тапсырма.
Оқушылар шығарманың басты кейіпкерлеріне үш сөйлеммен өз сөзімен мінездеме береді.
Қамажай …………………………………
Омар ……………………………………..
Темірбек …………………………………
Нәзила ……………………………………
Т. 2-тапсырма.
Кейіпкерге берген мінездемесін драма мәтініне сүйене отырып толықтырады, яғни, тілдік көрінісін талдайды.
РЕПЛИКА/МОНОЛОГ/ДИАЛОГ
Мысалы, Қамажай бейнесіне қатысты:
Не боп кетті, құдай-ау?! Өң мен түстей. Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.
Қабілеті жоғары оқушылар автор бейнесі мен кейіпкер қарым-қатынасының тілдік көрінісін анықтап талдайды.
Қабілеті төмендеу оқушылар диалог/монологтарды тауып оқиды.
Дескриптор
- кейіпкерлер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді;
- шығарма кейіпкерлеріне өз сөзімен мінездеме береді;
- кейіпкерге байланысты драма мәтінінен реплика, монолог, диалогтарды табады.
4. Мұғалімнің кері байланысы: «Екі жұлдыз, бір тілек»......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 447



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. ТҰРМАХАТ Перизат
    1 + 0 -
    Əпке драмасы өте керемет оның қойылымы өте тамаша мен ол драманы оқығанда өмірге деген құлшынысым оданда жоғары болды ???????????????????????