Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.А/И2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.
Сабақ мақсаты: Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
Мағынаны тану
1 - тапсырма ЖЖ. «Күш алаңдарын талдау» әдісі
 Қозғаушы күштер бағанына өлеңді жазуға себеп болған тарихи оқиғалар мен кейіпкерлерді жазыңыз;
 Тежеуші күштер бағанына автордың құндылықтарын
жазыңыз.
Жұптар жазғандарын басқа жұппен бөліседі.
2- тапсырма ТЖ. «FILA толтыру»
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/– автор туралы өзінің ой-пікірі;
L /Сұрақ/– автор тұлғасын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілдері.
Деректер
Ойлар
Сұрақтар
Іс-әрекет
Жұмысты орындап болған соң топтар «Карусель» әдісімен жұмыстарын алмасып оқиды және топтар бірін-бірі бағалау критерийі арқылы бағалайды.
Бағалау критерийі
Дескрипторлар:
Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтап, баға береді.
шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды;
автор туралы өзінің ой-пікірін білдіреді;
автор тұлғасын ашатын сұрақтар қояды;
автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау
3 - тапсырма Ж. «Конверттегі сұрақ» әдісі
Оқушылар кейіпкер бейнесіне қатысты бір сұрақ, автор бейнесіне қатысты бір сұрақ жазып, конвертке салады. Мұғалім конверттегі сұрақтарды араластырып, оқушыларға таратады. Оқушы екі минут ішінде стикерге сұрақтың жауабын және өзінің атын жазады; мұғалім стикерлерді жинап, конвертке қайта салады; бірнеше жауап дауыстап оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Мысалы:
1. Өлеңде тарихи шындықты автор қалай сипаттайды?
2. Автордың туған жеріне, оның тағдырына деген сезімі қаншалықты шынайы жырланады?
3.Автор нені аңсады?
Өзін-өзі бағала.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 926



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?