Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақ тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 2-сабақ
Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары: Б/С 8.3.3.1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Cабақ мақсаттары: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Ой сергіту
«Комплименттер бұрқасыны»
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплимент жеке сөз емес, толық сөйлем түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң қағаздарды домалақтап, қармен атқыласқандай бір-біріне лақтырулары керек. Содан кейін өздері ұстаған «қарды» ашып оқиды.
Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма ТЖ.
Оқушыларға жыраудан қалған қанатты сөздерді оқып, жұпта, топта мағынасын ашады.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Қанатты сөздер Астарлы ойы
Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.
Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артыңда туысқанның көбі игі.
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса –
қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.
Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім – садаға кетсін туғаннан.
2-тапсырма Ж.
Оқушылар Шалкиіз жыраудың өзіне ұнаған қанатты сөздерінің бірін тақырып етіп алып, әдеби эссе жазады.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Астарлы ой маңынасын толғаумен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді.
Толғау идеясымен салыстыра отырып, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, баға береді.
Әдеби эссе жазуға қойылатын талаптарды сақтайды.
«Бос микрофон» оқушы өз қалауымен эссесін сынып алдында оқиды. Басқалары кері байланыс береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 276



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?