Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ақтамберді  Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ  (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ
Оқу мақсаты: 8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Хронология» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушыларға интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан жыраулар жайлы презентация (http://www.myshared.ru/slide/1372251/ ) көрсетіледі. Оқушылар алдымен бұл адамдардың кім екенін анықтайды. Содан кейін «Зерттеушілер» тобы суреттегі Ақтамберді мен Бұхар жыраудың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады. (Қабілеті жоғары оқушыны зерттеуші, қабілеті орта оқушы оқырман болуға бағыттаңыз).Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
• шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыра алады;
• тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады. 1. тақырып бойынша шағын зерттеу жұмысының тезисін ұсынады;
2. Ақтамберді толғауларының басқа шығармалармен ұқсастығын/айырмашылығын табады;
3.оларды салыстырып, құндылығын бағалайды
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Шығармашылық ізденіс» әдісі
Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.
1. Ақтамберді поэзиясы – философиялық толғаныстардың қайнар көзі.
2. Ақтамберді толғауларындағы тарихи және көркемдік құндылықтардың көрінісі.
3. Ақтамберді – заман шындығын жырлай білген жырау.
Жоба құрылымы:
 Кіріспе
 Зерттеу тақырыбының өзектілігі
 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
 Зерттеу жұмысының әдістері
 Зерттеу жұмысының болжамы
 Зерттеу жұмысының құрылымы
 Зерттеу бөлімі
 Қорытынды
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі
Жоба тезисін топ спикері қорғайды.
Топ спикері:
 өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.
 өздері зерттеген жұмыстың өзектілігі, тарихи және көркемдік құндылығы туралы ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады:
1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен көркемдік құндылығына өзіндік пікірін білдіреді.
2. Дәлел.: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал: Өз ойын жырау толғаулары, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.
4. Қорытынды: Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.
Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.
4.Бекіту
3-тапсырма
«Дөңгелек үстел» стратегиясы
Сынып оқушыларына Бұхар жырау «Ай не болар күннен соң» және Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары таратылады. Оқушылар оқып, төмендегі сұрақтар бойынша топпен талдап, өзіндік пікір білдіреді:
• Ақтамберді мен Бұхар толғауларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
• Екі жырау толғауларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?
5.Салыстыру
4- тапсырма «Венн диаграммасы»
o Екі жырау толғауларындағы тақырып пен идея ұқсастығы мен айырмашылығын «Венн диаграммасына» арқылы салыстырыңыз.
6.Бағалау
5- тапсырма «Әдеби шеңбер»
1. Талқы себепшісі –Ақтамберді жыраудың толғаулары бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығарманың тарихи маңыздылығын бүгінгі күнмен үндестіру)
2. Белгілеуші – толғаудың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.
3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – шығармадағы өзекті ойға баға беріп, қорытындылайды.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды «талқы себепшісі» немесе «белгілеуші» болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 601



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?