Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 3-сабақ
Оқу мақсаты: 8.Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі
Әр оқушыға кейіпкердің жан толғанысын сипаттайтын толғау шумақтары жазылған үлестірме қағаздар таратылып, оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады. Топ мүшелеріндегі өлең шумақтарының бірдей болмауын мұғалім қадағалауы керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Жыраудың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?, Үзіндіні жатқа айту арқылы нені үйрендің? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Ақынның көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер етті? » сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. 1.шығармаға қатысты сөздерді іріктей алады;
2. белгілі бір үзіндіні мақсатына сай таңдайды;
3.үзіндіні орынды қолданады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі
Сынып оқушылары алдымен Ерлан Рысқалидың орындауындағы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын(https://www.youtube.com/watch?v=GBXpHXE2AzA )
тыңдайды.Тыңдап болғаннан кейін интерактивті тақтадан көрсетілген жұппен «Сөздер банкісі» бөлігінен шығармаға қатысты түйінді сөздерді анықтайды. Шығармаға қатысты сөздерді «Біздің тақырып» деген бөлікке ауыстырып жазады. Сөздерді қатыстырып мәтін құрастырады.
Сөздер банкісі Біздің тақырып
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Үштік талдау» әдісі
Оқушылар ой бөліктерімен берілген үзінділерді оқи отырып, талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы.
• Алдымен біреуі 1-үзіндіні оқиды.
• Сөйлеуші үзінді бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін білдіреді.
• Сұрақ қоюшы сұрақ қояды және түсініктеме беруді сұрайды.
• Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды.
• Қалғандары (сөйлеуші, сұрақ қоюшы) келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді.
• Үшеуі бірлесе отырып, үзіндінің идеясын табады.
• Келесі жолы (2-3-үзінділерде) рөлдер ауысады (2-үзінді бойынша 2-оқушы; 3-үзінді бойынша 3-оқушы сөйлейді).
1-үзінді:
Асқар бір тауды жайласам,
Желілеп бие байласам,
Күнде жиын, күнде той,
Қыз-бозбала ойнатсам,
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам,
Құлым бір ұлдай киінсе,
Көркемін көрген сүйінсе,
Атымтай Жомарт секілді
Атағым жұртқа білінсе...
2-үзінді:
Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малым кетпесе
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе!
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп,
Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?!
3-үзінді:
Төскейде кеңес топтанып,
Жақсылар үйде баптанып,
Нөкерлер жүрсе сап түзеп,
Қос-қосымен шаттанып.
Қиуадан ақыл алатын,
Қияннан айла табатын
Ерлерден салсам нөкерді
Дұшпаннан кекті алатын!
Жоны бір жалпақ жотадай,
Мойны бір жалпақ бұқадай,
Балуаннан нөкер барлатып,
Күреске салар ма екенбіз..
3-тапсырма. «Лауазымды адам» әдісі
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, туған айларын айтады. Әрбір төртінші оқушы өзінің туған айын бір қадам алға шығып айтып, кіші шеңбер құрады. Бұл оқушы «Лауазымы жоғары адам» тәсілі бойынша лауазымды адам болып есептеледі, оқушыға оны ерекшелейтін бас киім беріліп, оқушы тәжді басына киеді. «Лауазымы жоғары адам» энциклопедиялық сөздікті жарнамалауы керек. Ол сыртқы шеңберден үш баспа қызметкерін таңдап алып, топ құрады. Бір топта төрт оқушы болады. Топ мүшелеріне тапсырма жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Үш оқушы үлестірме қағаздағы кестені постерге сызып, «Өсиет, кепиет, әрекет, араз болсаң алты ауыз, лайым, разылық» сөздерінің мағынасын ашып жазады. Төртінші – «лауазымы жоғары адам» оқушы постердегі сөздердің мағынасының дұрыстығын тексеріп, жұмысты жарнамалау үшін сынып бөлмесінің қабырғасына апарып іледі. Сынып оқушылары «Галерея» әдісі арқылы жарнамаланатын жұмыстарды қарап, өз көзқарастарын білдіріп, қорытындысын шығарады.
Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды топонимикалық сөздікпен жұмыс жасауға, қабілеті орта оқушыларды мағынасы анықталған сөздерді дәптеріне көшіріп жазып алып, есіне сақтауға бағыттайды.
4. Бекіту
4-тапсырма «Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі
« Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімі бекітіледі.
Неге ...?
Егер былай болса...?
Сен не істер едің...?
Түсіндіруіңді өтінемін...?
Сенің көзқарасың бойынша ...?
5.Салыстыру
5-тапсырма
Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген топтарымен отырады. «Лауазымды адам» рөліндегі оқушы постерлерді қабырғаға іліп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінде тұрған екінші тапсырманы алып, топ мүшелеріне таратып береді. Әр топ мүшесі жеке тапсырма нұсқасымен танысады. Тапсырма нұсқасының астына толғау үзінділері да жазылады. Топ мүшелерінің әрқайсысы «Идея» тәсілі бойынша берілген үзінділердегі оқиғаларға байланысты болжау тақырыптарын айтады. «Лауазымды адам» олардың идеясын ақ параққа жазып отырады. Топ мүшелерінің барлығы болжау тақырыптарын айтып болғаннан кейін әр тақырып «3 – 2 – 1» тәсілі арқылы қысқартылып, ең соңғы идея таңдалып алынады. «Лауазымды адам» топтың таңдаған болжау тақырыбын келесі топқа апарып, олардың идеясымен таныстырады. Осылайша әр топ өз жұмыстарын екінші топпен салыстырып, болжау тақырыптарынан бір тақырыпты іріктеп алады.
6.Бағалау
Топ спикері «Лауазымды адам» жұмыстың нәтижесін « Біз жақсы меңгердік..., Топ жақсы меңгерді..., Олардың идеясы ... болды, Сендер қазір 40 минут бұрын білмеген идеяны білесіңдер...» кері байланысы арқылы бағалап, қорытындылайды.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?