Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

 Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Шығармамен танысады, сюжетін біледі;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді ажыратады;
Көптеген оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін ажыратады;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
Кейбір оқушылар
• Сюжеттің бөлшектерін тиімді талдайды;
• Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыруда ұтымды ой айтады.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары «Балмұздақ таяқшалары» арқылы 5 топқа бөлінеді.
Оқу мақсаты таныстырылады.
Тақырыпқа келу
Топтар слайдта берілген суреттер мен сөздерді қолдана отырып, тақырыпты анықтайды.
Мағынаны тану
М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасын аудиокітаптан тыңдайды.
Топтар ақылдаса жүріп, сынып қабырғаларына ілінген кестелерді толтырады. Бос бағандарды барлық топ алма-кезек толтыра алады. 5 минут уақыт беріледі. Топтар «уақыт ережесіне» бағынады. Соңынан әр кестедегі жазбалармен танысады.
Өлеңнен үзінді Ақын қандай сезімде? Ақын өмірімен байланысы
Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан
Өлеңнен үзінді Ақын қандай сезімде? Ақын өмірімен байланысы
Туған елім - арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Өлеңнен үзінді Ақын қандай сезімде? Ақын өмірімен байланысы
Қадір тұтам қиялдауды
Ертең талғам өзгерер.
Өлеңнен үзінді Ақын қандай сезімде? Ақын өмірімен байланысы
Туған елім,
Құдіретімсің аңсаған.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды; Шығарма сюжетін біледі;
Сюжет бөлшектерін талдайды;
Кері байланыс
- «Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.», «Менің бассыз қалғандығым, сенің бассыз қалғандығың болмағай!» деген жолдарды қалай түсіндіңіздер?
Сынып оқушылары бейнежазба арқылы «Әке үкімін» тыңдайды. Алғашқы тыңдаған бөліммен байланысын анықтайды
Тапсырма: Бөлімдер бойынша берілген жолдарды, екі үзіндідегі оқиғаны, іс-әрекетті салыстырып, Т кестесін толтырыңыз.
1. Махамбеттің сөзі:
Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
2. Баласы айтты:
- Топ бастадық төрт адам.
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп,
Мақтап, қағып арқаға
Қосып алдық ортаға.
Бұл - түгелдей мына ұлыңның ақылы.
Еркін жетер әңгіме ол бір таңға.
Қапысызда қармақ салып,
Махамбетті алдап соғып,
Басын кесіп, сыйға тарттық сұлтанға.
Т кестесі
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады. Шығармадағы эпизодтарды ажыратады;
Эпизодтар мен бейнелерді салыстырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 084



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?