Автор бейнесі (7 сынып, I тоқсан )

 Автор бейнесі (7 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Автор бейнесі
Белгілі бір оқыту мақсаты: А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
1.Автордың іс-әрекеттерін анықтай алады;
2. біледі;
3. Авторы бейнесіне талдау жасай алады;
Оқушылардың көбісі:
1. Автордың толғауларын оқи отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады;
2. Автор толғауларының құрылымын түсінеді және өз пікірімен байланыстыруға дағдыланады.
Оқушылардың кейбірі: 1.Автор толғауына өз ұстанымын білдіріп, қорытындылайды, дербес ой білдіреді.
2.Қазтуған толғауында көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы дәлелдейді.
3. Автор шығармашылығында кездесетін метафора, теңеу, образды сөздерді сәйкесінше табады.
4.Жиембет жыраудың шығармашылығымен үндестігін мысал келтіре салыстырады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийімен таныстыру.
«Қазтуған» сөзіне, яғни авторға ассосация жасату, оқушының толғаулар желісі бойынша меңгергенін тезис құру арқылы байқау. Тарихи тұлға екенін айқындау (тарих пәнімен сабақтастық)
Мағынаны тану кезеңі.
Кілт сөздерді дәптерге жазып алу.
«Өрмекші» ойыны арқылы автордың толғауларындағы өзінің бейнесін тануына ықпал ету.
Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4 деген белгілерді тағып алады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмамен 4 үстел қойылған, әр үстелден 3 деңгейдегі сұраққа үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелдің тапсырмасын орындайды. Сабақ барысында оқушы 4 үстелдегі сұрақтарға жауап беруі тиіс. Тапсырманы орындау кезінде кілт сөздерді қолдану, яғни Жиембет жыраумен салыстырған сәтте буын, бунақ, ұйқас ерекшелігіне, тіл көркемдігіне тоқталу. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңынан мұғалім жинап алып, бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Дифференциация.
І деңгей тапсырмалары.
1. «Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер» деген үзіндіде автордың не айтқысы келгенін түсінуге болады? Бұл қай жырынан еді?
2. «Белгілі бір көк сеңгір» толғауын қазіргі заманмен байланыстыра суреттеңіз.
3. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет қай толғауында елес береді?
ІІ деңгей тапсырмалары.
1. Қазтуған жырау толғауларымен таныса отырып, автордың нені арман еткенін байқадыңыз ба?
2. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауының астарлы мазмұнын ашыңыз.
3. Қазтуған жырау мен Жиембет жыраудың шығармашылығын салыстырыңыз.
4. Қазтуған жырау мен Жиембет жыраудың көзқарасының бір екендігін толғаулары арқылы салыстырып дәлелдеңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары.
1. «Мадақ жыры» толғауының мазмұнын ашыңыз.
2. «Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп» деген қатарда жырау қандай әдеби тәсіл қолданған? Теорияны мысалмен келтіре дәлелдеңіз.
3. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жағымды етіп қолданған тәсіл қалай аталады? Қай толғауында қолданады? Үзінді келтіріңіз.
4. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Мысал келтіріңіз.
5. Қазтуған шығармашылығын 1 шумақ өлеңмен сипаттаңыз.
Дескриптор:
Бағалау критерийі Дескрипторла
Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, Жиембет жырау шығармашылығымен салыстыра алады. 1.Оқушы 3 деңгейдегі тапсырманың әрқайсысынан кем дегенде 2 орындайды;
2.Оқушы әдеби теориялық терминдердің ережесін біліп, сабақта тиісінше қолданады;

3.Оқушы автордың бейнесін толғаулары арқылы сипаттайды;
4.Оқушы автордың толғауларын Жиембет жыраудың шығармашылығымен орынды салыстырады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 236



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?