Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар ортаға жиналады, мұғалім таңдаған бір оқушы мектеп ішіндегі танымал жерлерді сипаттап айтады (асхана, кітапхана, оранжерея, спорт зал) оқушылар тба алуы крек, таба алмаған оқушы сипаттауды жалғастырады. Бірнеше рет орын сипатталғаннан кейін, сыныптағы досының сипаттамасы жасырылады. Орта бойлы, шашы қайратты деген сипаттамаға ерекшелендіретін бір қасиетін қоса айту керек. Мысалы ең сүйікті ойыны- корей сериалдарын көру деген сияқты

Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!
Құрыштардың да шірігенін көрдім,
Сен боса, болат, тас егіл!
Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір! Алты жасымда!
Бұл жолдардағы оқиға орнының суреттелуін қара сөзге айналдырып жаз.
_____________________________________
2- тапсырма
Үздіні оқы. Ана бейнесін қара сөзбен сипаттап жаз.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті! .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 370

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?