Абайдың қарасөздері 2-сабақ (6 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар сынып қабырғаларына ілінген Ах Байтұрсынов сөздерін оқиды:
Пікірлерін топта, жұпта талқылайды
Мұғалім қолдауды қажет ететін оқушыларға сындар дәуірі деген сөздерді түсіндіреді.
Мағынаны тану кезеңі
1 -тапсырма
Төмендегі зерттеу мақалаларын оқы. Жұпта талда.
1-мәтін
Абай шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр. Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде «адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай «бәрекелді» тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек «бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді» тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін.
2-мәтін
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Абай аңсаған Толық адам – идеалды адам ба? Өмірде толық адам болып өмір сүру мүмкін бе?
3- тапсырма
Ғалымдар пікірін сараптай отырып,
1. Адам болу деген не?
2. Адам өмірге не үшін келеді?
3. Менің өмірдегі мақсатым не?
4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?
Ақынның тұлға мен Адамдық дуэті
тақырыбының бірін таңдап, сыни хабарлама жаз.
Сыни хабарлама белгілерін сақта!
Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді
Сол мәселе туралы өзіндік пікірін жазады
Өлеңнен мысал келтіру арқылы дәлелдейді
Бағалау дескрипторы
Екі өлеңдегі көтерілген мәселерді анықтайды
Сыни хабарлама белгілерін біледі
Сыни хабарлама жазады
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма:
«Мен!» – ол сенің тұлғаң, ішкі менің....» тақырыбында ауызша сыни хабарлама дайында. Аудио ретінде жазып ал.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?