Су сиыры жабайы өгіз неге жойылып барады? (8 сынып, III тоқсан )

 Су сиыры жабайы өгіз неге жойылып барады? (8 сынып, III тоқсан )

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бөлім атауы: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Су сиыры, жабайы өгіз неге жойылып барады?
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 8.2.1.1 -тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаты: Кесте бойынша ақпаратты анықтайды;
Диаграмадағы деректі пайдаланып, қорытынды жазады.
Мәтіннен (жазба жұмысынан) тұрлаулы сөйлем мүшелерін табады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі, сынып даярлығы тексеріледі. Сабақ мақсаты анықталады.
1-тапсырма
«Бос микрафон» тәсілі.
Оқушылар «Өзен арнасын өзгертсе, не болады?
Көл жоғалса, не болады?» сұрақтарына жауап береді. Ойын өткен сабақтардан алған білімін пайдаланып, дәлелдер келтіріп жеткізеді.
Б. Қай оқушының пікірін қолдайтынын түсіндіреді.
2-тапсырма
Топтық жұмыс
Кестені қарап, мына сұрақтарға жауап бер.
Кестеде не көрсетілген?
(Чад көлі тереңдігінің өзгеруі көрсетілген. )
Шамамен қай жылы Чад көлі қайтадан пайда болған?
( 11000 жылы қайтадан пайда болған.)
Қай жылы оның тереңдігі 60 метрден артық болған?
Б. Топтық бағалау
Мәтіндегі ақпаратты топтың жауаптарымен салыстырады. Бағалайды.
Сахара шөлінің солтүстік африкалық бөлігінде орналасқан Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірінде біздің заманымызға дейінгі шамамен 20 000 жыл бұрын толықтай жоғалып кетті. Ол шамаман біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын қайта пайда болды. Бүгінгі таңда оның тереңдігі біздің заманымыздың 1000 жылында болған деңгейде. Ал біздің заманымыздың 4000 жылы көлдің тереңдігі 60 метрден асып кеткен екен.
3-тапсырма.
Чад көлі тереңдігінің өзгеруі неге әкелді деп ойлайсың? Диаграмманы пайдаланып жауап бер.
Топтық бағалау.
4-тапсырма
Жеке жұмыс
Берілген диаграммаға қарап, Чад көлі тереңдігінің биоалуантүрлілікке қалай әсер еткенін мәтін құрылымын сақтай отырып түсіндіріп жазады. Тұрлаулы сөйлем мүшелірінің астын сызады.
Мұғалім жазылым үшін оқушыларға қажет сөздерді ұсынады. Қажетті сөздер: тереңдік деңгейінің өзгеруі, мүйізтұмсық, су сиыры, жабайы өгіз, жоғалуы орын алды, көлдің тартылуы, биоалуантүрлілік өзгерді.
Дескриптор
Чад көлі тереңдігінің өзгеруі қандай өзгеріс әкелгенін түсіндіреді;
Диаграммадағы ақпаратты пайдалана алады;
Кемінде 5 сөйлем құрастырады;
Құрастырылған мәтіннен тұрлаулы сөйлем мүшелерін табады.
Б. Мұғалімнің бағалауы
Үздік жазылым жұмысын анықтап, сыныпқа таныстырады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 907



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?