Жұмыс берушімен сұхбат (8 сынып, II тоқсан )

 Жұмыс берушімен сұхбат (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс берушімен сұхбат
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды түсінеді.
Негізгі ойды анықтайды.
Тақырып қояды.
Сабақ барысы: Оқушылар жұпта талқылау сұрақтарына жауап береді.
• Жұмыс берушімен сұхбаттасу барысында болған қызықты оқиғалар туралы естіп көрдің бе?
• Арманыңдағы жұмысқа қол жеткізу үшін не істер едің?
Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.
Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін дауыстап екі қайта оқиды. Оқушылар тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, кестені толтырыңыз.
Кейіпкерлердің жұмысқа орналасуына не көмектесті?
Скотт Данлап, кәсіпкер
Дэн Холидей, 10 жылдық тәжірибесі бар менеджер
Ричард Вэддингтон
2-тапсырма.
Үш кейіпкердің әңгімесіндегі ортақ ұқсастықты тауып жазыңыз.
3-тапсырма.
«Ойлан-Жұптас-Бөліс»
• Мәтінге тақырыбып қойыңыз.
• Мәтін нені мақсат етеді? (Қандай мақсатта жазылған?)
• Мәтін нені үйретеді?
Тыңдалым мәтіні
Скотт Данлап, кәсіпкер
1. Мен осы жылы Бостонда болған жарылысты өз көзіммен көрдім. Келесі күні Нью-Йорк қаласында жұмыс берушімен әңгімелесуге отырдым. Ол кезде бір медиакомпанияның басқарушылық жұмыс орнын алғым келген. Әңгімелесіп отырған адамдардың екеуі тұрып кетті. Жағдайым қиындай бастаған сияқты болды. Сосын жалғыз қалған маман сұрақ қойды: «Соңғы 5-10 жылда біздің компанияны қалай елестетесіз?». Шындықты айтқым келді.
«Сіздердің өндіріс орындарыңыз жабылып қалады. Себебі мына сіздер өз жұмыстарыңызды түземей барлық қателікке басқарушыларыңызды айыптай бересіздер. Сол үшін де қайта-қайта басшы ауысады. Мұндай сөздерді айтып отырғанымды кешіріңіз, бірақ сіздердің қамдарыңызды ойлап отырмын. Мен де дәл сіздердей болғанмын. Бірақ сіздер мойындамайсыздар ғой. Сіздер бұл іске жаңалық енгізіңіздер немесе жұмыстарыңызды босатыңыздар».
Тыныштық орнады. Сосын ол: «Меніңше, бүгін осымен аяқталсын». Келесі 2-3 сағаттық уақыттан кейін ол жұмыс ұсынды.
Дэн Холидей, 10 жылдық тәжірибесі бар менеджер
2. Мен жұмысқа қабылдану алдында оған дейінгі жұмысымнан қандай шатақ шығарып кеткенімнің барлығын да жасырмай айтып бердім. Күнде бір ғана іспен айналысатын айтып, арызданғанымды айтқан соң жұмыс берушіге «Мен керемет жұмыс істеймін демеймін, бірақ өте көп ақша тапқым келеді» дедім.
Қызығы сол, жұмысқа қабылдандым.
Ричард Вэддингтон
3. Мен бір компанияда 10 жыл уақыт бойы жұмыс жасадым. Ол жұмыстан кеткен соң, ұзақ уақыт бойғы үзілістен соң әңгімем жараспай қала ма деп те қорыққаным бар. Киімімді түзеп, галстук тағып бардым. Үйден шығып бара жатқан сәтте 4 жасар қызым кішкентай ғана ойыншық сиырды ұстата салды. Қызымды құшақтап, үйден шығып кеттім.
Түрлі мамандардың алдынан өткен соң, кадр бөлімінің бастығымен бетпе-бет отырдым. Орта жастағы әйел қатқыл көрінді. «Компания қызметкерлері сіз туралы тек жақсы мінездеме беруде, бірақ жұмыста түрлі бассыздықтар болу мүмкін, сіз одан өте алар ма екенсіз?»
Айта салдым: «Менің қалтамда сиыр бар!» Тыныштық орнады. Сосын қалтамнан сиырды алып, оның жұмыс столына қоя салдым. Барлығы да қыран-топан күлкіге басты да кетті. Сонымен, мен жұмысқа қабылдана кеттім.
Дескриптор:
• Кейіпкерлердің қалай жұмысқа орналасқанын жазады;
• әңгімелердегі ортақ ұқсастықты жазады;
• мәтінге тақырып қояды;
• негізгі ойын анықтайды.
Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.
Оқушылар тыңдалым негізінде ереже құрап жазады. Ережелерді маңыздылығына байланысты орналастарады.
4-тапсырма.
• Кейіпкерлердің оқиғасын негізге ала отырып, жұмыс берушімен сұхбаттасу кезінде орындауға тиіс ережелер құрап көріңіз.
• Ережелерді маңыздылығына байланысты орналастырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 942



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?