Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Кәсіп
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А5 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
Т/А4 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Сұрақтарға жауап беру;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Негізгі ойды анықтау.
Сабақ барысы: Тыңдалымалды тапсырмасы.
Жұптық жұмыс. «Карусель» әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберлерде бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Мұғалім ұсынған тақырыптар бойынша өз пікірлерін білдіреді. 30 секунд сыртқы шеңберде тұрған оқушы өз пікірін, 30 секунд ішкі шеңберде тұрған оқушы өз пікірін білдіреді. Әңгіме аяқталғаннан кейін ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен жылжып, жұбын өзгертеді.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Кәсіп дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Кәсіпті қандай мақсатта меңгереміз?
3. Кәсіпкер деген кім?
4. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін не қажет?
5. Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлік қалай дамытылып жатыр?
Оқушылар 4 топқа бірігіп отырады.
Оқушылар «Кәсіп ашамын десеңіз» бейнебаянын көреді. Бейнебаянның мазмұнын, мәселесін анықтауға бағытталған «нақтылаушы» (2 сұрақ), «бағалаушы» (1 сұрақ) сұрақтар құрастырады. Оқушылар сұрақтарының құрылымында қолданған бейнебаян мазмұнын синоним сөздерімен алмастырып береді.
Тыңдалым тапсырмасы.
1-қадам. Топтық жұмыс. Бейнебаянды мұқият тыңдаңдар. Бейнебаянның мазмұнын, мәселесін анықтауға бағытталған «нақтылаушы», «бағалаушы» сұрақтар құрастырыңдар.
Дескриптор:
1. Бейнебаянның мазмұнын анықтауға бағытталған нақтылаушы сұрақ құрастыра алады.
2. Бейнебаянда көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылаушы, бағалаушы сұрақтарды құрастырады.
3. Сұрақтарында қолданылған бейнебаяндағы ақпаратты синоним сөздерімен алмастырып құрастырады.
4. Сұрақ құрауда перифраз тәсілдерін қолданады.
Оқушылар топта 3 сұрақ құрастырады.
Оқушылар сағат тілімен келесі топтарға өз сұрақтарын ұсынады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
2-қадам. Топтық жұмыс.
Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Дескриптор:
1. Сұрақтарға бейнебаян мазмұны бойынша жауап береді.
2. Өз пікірлерін бейнебаяннан мысалдар келтіру арқылы дәлелдей алады.
Оқушылар топтағы талқылаудан кейін топтарында 1 өкіл салайды. Топ өкілі сұрақтар қойған топқа барып, өз жауаптарын таныстырады.
Оқушылар берілген дескриптор бойынша өкілдің жауабын бағалайды.
Мұғалім әр өкілдің жауабын топтарды аралап жүріп тыңдайды. Топ өкілі арқылы топтың жұмысын бағалайды.
Оқушылар жеке жұмысқа көшеді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға бейнебаянды екінші рет тыңдатуға болады.
3-қадам. Жеке жұмыс.
Сұрақтарға берілген жауаптарыңды жинақтай отырып, мәтінде көтерілген мәселелерді анықтаңдар, шешу жолдарын табыңдар, автордың ойын табыңдар. Менталды картаға сызыңдар.
Дескриптор:
1. Мәтінде көтерілген мәселелерді негізгі ақпараттар арқылы анықтайды.
2. Мәселелердің шешу жолдарын бейнебаян мазмұны бойынша табады.
3. Автордың осы шешу жолдарын неліктен ұсынғанына сараптама жасайды.
Оқушылар қасында отырған оқушымен жұптасады, менталды карталарын таныстырады.
Бірін-бірі дескриптор арқылы бағалап, кері байланыс береді......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?