2-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
Оқу мақсаттары: 8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
Сабақ барысы:
Оқу мақсатын таныстыру.
Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:
1. Оқу мақсаты түсінікті ме?
2. Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз.
Оқушыларда оқу мақсаты туралы түсінік қалыптасқаннан кейін топқа бөлу әрекеті жүзеге асады.
Топқа бөлу.
Байқоңыр, обсерватория, ғарыш аппараты, ғаламшар сөздері арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасына шолу. (2 мин) Мұғалім топтың барылқ мүшесі қатысып отырғанын бақылайды, топтың барлық мүшесі жұмысты орындауда барынша белсенділік танытуына ықпал етеді.
Тақтада «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» сөздері жазылған қиынды ілініп тұрады. Оқушылар тапсырманы орындағанда қолданады.
1-2-топтар публицицстикалық стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді және «Білемін» жазуының астына тақтаға іледі.
3-4-топтар ғылыми стиль бойынша қайталап келген ақпараттарын А3 парағына түсіреді және «Білемін» жазуының астына тақтаға іледі.
Оқылым алдындағы тапсырма
Оқушылар өз топтарының атына байланысты сөзермен жұмыс жасайды. Топта отырған оқушылар іштей жұптаса отырып, тапсырманы орындайды.
ЖЖ.
Берілген сөздерге қарап, көршіңе өз ойыңызды айтыңыз.
Сіздерге берілген сөз арқылы қандай маңызды тақырып құрастыруға болады?
Тақырыптың 2 атауын болжаңыз және мәтін құрастырыңыз: бірі - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылайтын мәтін, екіншісі - ғылым саласына байланысты мәтін.
Бағалау критерийі:
1. Публицистикалық стильге сай мәтін құрастыра алады
2. Ғылыми стильге сай мәтін құрастыра алады.
Жұпаралық бағалау.
Жұптар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Жауабы дұрыс болса, жасыл түсті, қате болса, қызыл түсті, толықтыру керек болса, сары түсті стикерді көрсетеді. Сары, қызыл түсті көрсеткен оқушылардан ауызша кері байланыс алынады.
Оқылым тапсырмасы.
ҚБ
Тапсырма топппен орындалатын болғандықтан, уақытты үнемдеу үшін, тапсырманы топ ішінде бөлісіп алуға болады. Мұны топ басшысы дұрыс реттей алуы керек, мұғалім жұмыстың дұрыс бөлінгенін қадағалап, кейде көмекке келеді.
1-2-топтар публицистикалық мәтінмен жұмыс жасайды.
1-топ.
Ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
2014 жылдың жобалары өте сәтті жүзеге асты. Ғарышты толығымен танып-білу жолында бұл жыл да ерекше болмақ. Ағымдағы жылда Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар Плутон туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың «Жаңа көкжиектер» (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында «Dawn» зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера – адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов – Герасименко кометасына қондырылған «Розетта» (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен. Осы секілді маңызды болған жаңа жобаларға тоқтала кетсек.
«Жаңа көкжиектер» ғарыш аппараты Күн жүйесінің бойымен тоғыз жылдан бері Плутонға қарай бағытталып ұшуда. Айта кетсек, NASA агенттігі аталған аппаратты Плутон мен оның табиғи серігі Харонды зертеу үшін 2006 жылы ұшырған болатын. «Жаңа көкжиектер» шілде айында ғаламшарға жетіп, Плутон бетіндегі сұр түсті дақтардың не екенін анықтайтын болады.
MESENGERМеркурий орбитасында төрт жыл бойы айналып, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғарыш аппараты өз миссиясын аяқтайды. Астрофизиктердің есептеуі бойынша, оның жанармайы наурыз айына дейін жетуі керек болған. Бірақ соңғы есептеулер MESENGER аппаратының тағы бір ай ақпарат бере алатынын дәлелдеді. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/
2-топ.

eLISA миссиясы. Еуропа Ғарыш Агенттігі дайындап жатқан eLISA жобасының мақсаты галактикадағы қара ойықтардың соқтығысуынан пайда болатын гравитацияның салмағын анықтау. LISA Pathfinder модулі ағымдағы жылы ұшырылып, ғарыш қабаттарын өлшеу технологиясын пайдаланатын алғашқы аппарат болмақ.
Жеке сегмент. NASA мен SpaceX сынды ғарыштық инжинирингпен айналысатын дербес компаниялар адамдарды Жер атмосферасының сыртқы қабатына жеткізуді ойластырып отыр. SpaceX компаниясының бас директоры Элон Маск Dragon аппаратының көмегімен Халықаралық Ғарыш Станциясына қажет заттарды тасымалдауды ұсынып отыр. Ал өткен жылдың қазан айында Orbital Sciences компаниясына тиесілі «Антарес» зымыраны ұшу барысында жарылып кеткен болатын. Компания орын алған қателіктерді ескеріп, Cygnus ғарыш аппаратын орбитаға дайындауды жоспарлап отыр. Аталған аппарат «Атлас-5» зымыранының бортында ғарышқа жеткізілмек.
Тапсырма.
Төменде көрсетілген тіл оралымдарын мәтіннен табыңыз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.
1. мәселені қоғамға таныстыру мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері
2. бағалауыштық мәндегі тілдік қолданыстар
3. эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары.
4. перифразалар
5. сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, әртүрлі қайталамалар, көркемдік құралдар
6. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз. ***
3-4-топтар ғылым мәтінмен жұмыс жасайды.
Ұшу аппараты
Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.
Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.
Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады
Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отынды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.[1]
Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.
1. Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?
2. Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдер бұл еңбектен байқауға болады ма? Мысал келтір.
3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?
4. Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?
5. Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал елтіріп, дәлелдеңіз.
6. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.
Бағалау критерийі:
1. Стиль түрін анықтайды
2. Стильге сай тіл орылымдарын мәтіннен таба алады
3. Олардың қолданысына түсінік береді.
Топаралық бағалау. «Мен саған, сен маған» әдісі.
Екі топ бір стильде жұмыс жасағандықтан, бір-бірін бағалап шығады.
Мұғалімнің кері байланысы. «Оң және теріс» әдісі.
Оқушылардың жауаптарының оң және теріс жақтарына кері байланыс беріп, ұсыныс білдіреді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-2-топтра үшін тапсырма.
1. « Халықты ақпараттандыру ісінің жетілуі, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауы, зерттеулер жүргізуде, «Қазіргі таңда ғарыш қызметі байланыс, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», қазіргі экономикалық прогрестің басты қозғалтқышы, әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс, трансұлттық корпорациялар» берілген тіркестерді, ғылыми деректерді қолданып, мақала дайындаңыз.
Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес.
2. Қолданған сөз тіркестеріңіз бен ғылыми деректеріңізді не үшін қолданғаныңызға түсінік беріңіз.
3-4-топтар үшін тапсырма.
1. «Астрономия, ғарыш кеңістігі, галактика, жерден басқару жүйелері, ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттері, Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу, Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады.» берілген ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді қолданып ғылыми стильде мәтін құраңыз.
Ескерту! Барлық сөз тіркестерін қолдану міндетті емес. Ойыңыз 10-15 сөйлемнен тұруы тиіс.

1. Ұсынылған ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді қоланып,стильге сай мәтін құрайды
2. Сөз тіркестерінің қолданысына түсінік береді
Кері байланыс.
Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз?......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?