Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )

 Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Жаңа заманның байланыс құралдары
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.
Жинақы мәтін жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақты бастамас бұрын экраннан интернет туралы әзіл әнді қосады. Оқушылар әнді тыңдайды. Кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
• Бұл ән шынайы өмір шындығына сай ма? Әлде, алшақ па?
• Бұл әнге тағы қандай әлеуеттік желі түрлерін қосар едіңдер?
Оқушылар ойланып, жұпта талқылайды. Жауап береді. Себебін түсіндіруге тырысады.
Кейін сабақтың тақырыбымен таныстырады, сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты, бағалау критерийлерін оқушымен бірге талқылайды.
Жазылымға дайындық.
Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды. Жауап берушіні оқушылардың есімдері жазылған таяқшаны суыру арқылы анықтайды.
• WhatsApp мессенджерін қолданасыз ба?
• Қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Оқушылар сұраққа жеке көзқарасын білдіреді. Кейін оқушыларға оқылым мәтіні ұсынылады. Оқушылар мәтінді жұпта оқиды.
Жазылым тапсырмасы.
Мұғалім оларға WHATSAPP компаниясының өкілі ретінде оқылым мәтініндегі ақпараттарды қысқартып, тезис құрауды тапсырады. Оқушылар 1 минуттық презентацияға сай келетін тезис құрайды.
Жұптар 4 адамнан құралатын топтарға бірігіп, тезистерін таныстырады. Жұптар дескрипторға сай бірін-бірі бағалап, үздік тезис құраған жұпты анықтайды.
Тезис жазу бойынша нұсқаулық
 Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау;
 қосымша ақпараттарды сызып тастау.
 Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
 Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
 Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
 Сөздерді синонимдермен алмастыру;
Дескриптор:
• Мәтіннің негізгі мазмұны сақталған.
• Ең негізгі ақпараттар қамтылған.
• Қысқа, көпшілікке түсінікті.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 877



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?