Кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

 Кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақ барысы: Әлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месопатамия тұрғындары тақтайшаларға балшықты жіңішке «сына» деп аталатын таяқшалармен жазған екен. Осы тәсілмен «сына жазуы» танымал бола бастады. Тақтайшаларды күйдіріп, олардың ішіндегі ең бағалыларын бұзылып кетпес үшін арнайы конверттерге салып қойған. Археологтар үлкен сарайларда тақырыптарына байланысты іріктеліп сақталған осындай конверттердің біразын тауып алған. Осы кезден бастап кітапхана тарихының алғашқы беті ашылған.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.
Оқушылар сабақ бойы жұппен жұмыс жасайды.
Оқылымалды тапсырма
А, С, К, Т, М, О, П, Т, Х
Кітапхана тақырыбына қатысты осы әріптерден басталатын сөйлем құруы тиіс
Мұғалімнің кері байланысы
ҚБ
Оқылым тапсырмасы
Екі мәтінді салыстырыңыз
1-мәтін
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады. Сол себепті ең көне кітапханалар қатарында. Университетіміздің Ғылыми кітапханасы республикамыздағы ең ірі кітап қоры бар білім ордасы. Ғылыми кітапхана кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша алдыңғы қатарда. Кітапхана 1998 жылдан бастап Кітапханалар ассоциациясының, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық концорциумының мүшесі. Ғылыми кітапхана XXI ғасыр сұраныстарына жауап береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі. ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы өзінің электрондық каталогын Интернетте жариялаған алғашқы кітапханалардың бірі ретінде Қазақстан веб-сайттарының тарихына енді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес Орталық Азиядағы ең озық үлгідегі кітапханалардың бірі.
2-мәтін
Ежелгі римдіктер өзгеше үлгіде кітапхана салуды ойластырады. Юлий Цезарь сол кітапхана ісіне бел шеше кірісіп, жобасын жасап, жоспарын да өзі құрады. Цезарь өмірден өткеннен кейін де оның бастамасымен салынған кітапханалар ерекше танымалдылыққа ие болған. Римнің бақуатты тұрғындары кітапханаларды арнайы кедей отбасындағылардың пайдалануына жағдай жасады да, өздері үшін таптырмас кітап қорларын көбейтті. IV ғасырда Римде 28-ге жуық кітапхана бой көтерді. Біздің эрамыз басталар шақта кітапханалар шіркеулер мен монастрьлердің ажыратылмас бір бөлшегіне айналып алды. Тақуалар кітаптарды оқи жүріп, оны өздері де жазды. Сондықтан да олардың күшімен көптеген кітапханалар жандана түсті. Ортағасыр аяқталар тұста сәулеті көкпен таласқан шіркеулер салына бастады. Осы кезде кітапқұмар адамдар да құр алақан отырмастан, сол шіркеулердің жанына кітапханалар тұрғыза бастады. Университеттер де кітап қорын көбейту мақсатында білікті жұмыс атқарып, кітап жинауда белсенділік танытты. Париж университеті, Гейделберг пен Флоренция университеттері өздерінің даңқты кітапханаларымен мақтанып, «бұғауланған» кітаптарымен таныла бастады. Бірақ ол кездерде кітаптарды жасап шығару қиын іс болатын. Өйткені олар өркениетін жасырып ұстамаса да, «қызғанып» қатар-қатар болып тізілген қабырғадағы кітаптарын шынжырлап сақтады.
Мұғалімнің кері байланысы
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Неге?Неге?Неге? әдісі.
Оқушылар шеңберге тұрады. Бір оқушы осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Сынып оқушылары осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Соңында барлық оушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді.
Әр жұптың бір-біріне кері байланысы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 570



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?