Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )

 Қазақстандағы  көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Бекет Ата жерасты мешіті, Ақмешіт үңгірі)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
Сабақтың мақсаттары:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін құру.
Сабақ барысы: «Сиқырлы көл» тренингі.
Оқушылар дөңгелене отырып көздерін жұмады. «Қолдарыңыздағы қорапты бір-бірлеріңізге беріп, кезекпен жалғастыруыларыңыз керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар. Сол көлге қарап, ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарап, қорапты әрі қарай берулеріңіз қажет»
Шеңберде отырған оқушылар төрт топқа бөлінеді. (Сан немесе түс арқылы)
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процессі.
Жинақы мәтінді құрастыру жолдары:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.
Есіңде болсын!!!
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Оқушыларға жинақы мәтін жасаудың жолдары түсіндіріледі.
(Бекет ата мен Ақмешіт туралы бейнебаян тыңдатылады)
1-тапсырма: Бейнебаяндағы негізгі ойды анықтаңыздар.
___________________________
2-тапсырма:
05:07 миуттен 07:37 минутке дейінгі аралықтағы тапсырма:
Бекет ата туралы материалды тыңдай отыра ықшамдалған мәтін жазыңыздар.
____________________________
Топтан бір оқушы ықшамдалған мәтінді оқиды, басқа топтардан «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы тыңдалады.
3-тапсырма:
07:38-09:26 минут аралығында Ақмешіт туралы материалды тыңдай отыра аннотация жазыңыздар.
_____________________________
Мұғалімнің тарапынан «»Екі жұлдыз, бір тілек
кері байланысы тыңдалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 067



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?