Отбасындағы әже тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )

 Отбасындағы  әже тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы әже тәрбиесі
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
ӘТН5. Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты іріктей алады.
Көптеген оқушылар: мәтінді ықшамдай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар: мәтінді ықшамдауда өзіндік стильді қолданады.
Сабақ барысы: Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Сәлемдесу.
1-қадам. Суреттер бойынша тақырыпты болжап көреді.
ақылдың
кені өткеннің шежіресі дана
адам мейірімді
жан әулеттің ұйытқысы
2-қадам. Осы тіркестер арқылы бүгінгі сабақтың мазмұнын, орындалатын жұмыстарды болжам жасап көреді, топқа бөлінеді
Мұғалім ОМ мен БК таныстырады.
Білу, түсіну
Оқылымалды сұрақтар:
1-топқа: Балалар, қазақ отбасында бала тәрбиесімен кімдер айналысады?
Ықтимал жауап: ана, әке, әже.
2-топқа: Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі бала тәрбиесі қандай?
Ықтимал жауап: Бұрынғы кезде анасы үйде отырған, қазір жұмыста көп уақыт өткізеді. Қазір күтуші жалдайды.
3-топқа: Әженің тәрбиесін көрген қандай ұлы тұлғаларды атай аласыңдар?
Ықтимал жауап: Мысалы, Абай, Шоқан, Нұрсұлтан.
4-топқа: Әже тәрбиесін көрген бала әдетте қандай болады?
Ықтимал жауап: ақылды, сабырлы, байқампаз.
5-топқа: Әже сөзін сипаттайтын сын есімдер атаңыз.
Ықтимал жауап: мейірімді, елгезек, ақылды, парасатты, сабырлы, байқампаз, сезімтал, жанашыр, жаны сұлу, рухы мықты, жайдары, т.б.
Мұғалімнің кері байланысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі.
Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Қолдану
Оқылым тапсырмасы:
1. Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз.
2. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 80-90 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз. Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізіңіз.
.......Құлағы мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын......
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді......
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе – шешесі.
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады.
Сонда ол ойланып отырып:
– Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрыңғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:
– Е-е......Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне таңқалады. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды......
Зере Абайдың кітапқа қойған ықыласын байқап, бір күні кешке:
– Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз болып, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба?
Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға! – деген.
Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп, баршасы телміре тыңдайтын.
Бағалау критерийлері:
Талдау
1. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізеді.
2. Топ ішінде дәптерлерімен алмасып, бағалау критерийлері бойынша өзара тексеріп бағалайды.

• Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады;
• Көлемді мәтін негізінде жинақы мәтін жазады;
• Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 336



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?