№9 сабақ Шақыру жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан
Сабақ тақырыбы: №9 сабақ Шақыру жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: (Т, Ұ) Миға шабуыл
Оқушыларға тұжырымды ойлар ұсынылады:
-Жаңаша ойлауға жетеледі;
-Ғылым мен техниканың дамуына серпін берді;
-Елдің, қаланың аты өркениет тарихында қалды;
-Мемлекеттің мерейін асырды;
-Елдің дамуына қуатты қозғау болды т.б.
-Айтылған ой-пікірлер неге қатысты деп ойлайсың?
ЭКСПО 2017 көрмесінен түсірілген түрлі фотосуреттер көрсетіледі.
Оқушылардан не туралы айтылып тұрғаны сұралады.
(«ЭКСПО 2017»)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.
Негізгі бөлім
3.1.4.1 (Т, Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрау.
Оқушылардан өткен каникулды қалай өткізгендерін және алдағы каникулды қалай жоспарлағандарын сұралады. ЭКСПО 2017 көрмесі туралы көргендерімен, алған әсерлерімен бөліседі, білетін мәліметтері анықталады. Оқушылардың мәліметтері жинақталған соң, ЭКСПО 2017 көрмесіне байланысты тірек сөздер тапқызылады. Оқушылардың ұсынған тірек сөздері мен мұғалімнің алдын ала дайындаған нұсқасы салыстырылады. Қажет жағдайда тірек сөздер қатары түзетіліп, толықтырылып жазылады.
Тірек сөздер: Жазғы каникул, ерекше, Астана, ЭКСПО 2017, халықаралық көрме, экспонаттар, «Нұр әлем» павильоны, ұлт тарихы, жел, су, күн, өзге мемлекеттер, әсер, жетістік, мақтан тұту, жарқын, көз жету.
Оқушыларға талқыланған мәліметтері және тірек сөздер негізінде топта жоспар құру ұсынылады. Әр топтың құрған жоспарлары сыныпта тыңдалады. Қажет жағдайда мұғалімнің даярлаған нұсқасымен салыстырылып, түзетіледі.
Жоспар:
1. Жазғы каникул.
2. Көрменің кереметтері.
3. Елімнің жеңісі.
Топ ішінде құрған жоспарлары негізінде әңгіме құрастырады. Мәтінге ат қояды. Құрастырған әңгімелерін сыныпта оқиды.
(МК) Әңгіменің мәтін құрылымына сәйкес құрылуын қадағалайды. Алдын ала даярланған өз нұсқасымен салыстырады, түзетулер енгізеді. Бағалау дескрипторы негізінде өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-тірек сөздерді анықтайды
-жоспар негізінде әңгіме құрайды.
Сергіту сәті!
3.3.4.1 (МК, Ж, Т, Ө) Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне шақыру қағазын құрап жазу.
Оқушыларға шақыру қағаздарын (тойға шақыру, кешке шақыру, мерейтойға шақыру, көрмеге шақыру, кездесуге шақыру т.б.) тарату.
Проблемалық сұрақ:
-Шақыру қағазы не үшін қажет?
-Шақыру қағазы қалай жазылады?Мазмұны?
-Шақыру қағазының құрылымы қандай?
Сынып оқушыларымен шақыру қағазын жазуға қойылатын талаптар анықталады:
1. Құрметті сөзімен қаратылып айтылатын тіркестің болуы;
2. Шақырудың себебін немесе мақсатын көрсетуі;
3. Өтетін орны мен уақытының белгіленуі;
4. Мәтіннің ең соңғы сөзінің шақырамын деп аяқталуы;
5. Шақырушы аты-жөнінің көрсетілуі.
Оқушыларға алдымен жұпта шақыру қағазының жобасын жасау тапсырылады. Топта шақыру қағазы үлгілерін таныстырады. Оқушылар өзге шақыру қағазы үлгілерімен танысу барысында өздік жұмысы үшін идеялар жинақтайды, шақыру қағазының өз нұсқасын жазады.
Жұптық, топтық және өзіндік жұмысты орындауға нақты уақыт беріледі, тапсырманы орындаған соң, шақыру қағаздарын сынып бұрышына алдын ала қойылған дүкен сөресіне қояды.
Оқушылар біртіндеп шақыру қағаздарымен танысып шығады. Топта талқылап, ұнаған шақыру қағазын таңдап, сатып алу шартына сәйкес (шарты: ЭКСПО 2017 көрмесі туралы бір мәлімет айту) оны жасаған иесінен сатып алады. Бірінші сатылған шақыру қағазын тақтаға жазады. Оқушылар көшіріп жазады. Өзіндік бағалайды......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?