№8 сабақ Мәтінмен жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №8 сабақ Мәтінмен жұмыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады, сол сұрақтарға жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (МК; Т) Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дереккөздерге сүйене отырып, басқа мемлекеттер мен Қазақстанда Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнатылған қалалар және оның есімімен аталған көше аттары туралы, тағы басқа да тапқан қызықты ақпараттарымен бөліседі. Топта ұсынады. Нәтижесінде топтар арасында «Ең.., ең,...ең...» деп аталатын өзара бағалау номинациясы беріледі.
Ең толық ақпарат.
Ең қызықты ақпарат.
Ең ерекше ақпарат, т.с.с
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастырады.
Негізгі бөлім
3.1.2.1 (МК, Ұ, Т) Мәтіннің тақырыбын, мазмұнын берілген суреттер бойынша болжау.
Оқушыларға ЭКСПО логотиптерінен дайындалған сурет қиындылары ұсынылады. Әр топ өзіне берілген қиындыларды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын атайды, мәтін мазмұнын болжайды.
Сұрақтар:
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?
-ЭКСПО көрмесі жайлы не білесіңдер?
-ЭКСПО көрмесінің сенің өміріңде әсері болды ма? Болса, қандай?
3.3.5.1 (Ө, Ж, Т, Қ) Қатені табу және түзету жұмыстары ұйымдастырылады.
«Жасыл сия» тәсілін қолдану арқылы өздік диктанты ұйымдастырылады. Оқушыларға 1 минут ішінде тақырыпқа қатысты сөздерді жазу тапсырылады. Топтық жұмыс негізінде жазған сөздерін талқылап, қатарын толықтырады. Оқушылардан жұпта бір-бірінің жұмысын тексеріп, дұрыс, барлық талаптарға сай жазылған сөздерді жасыл сиямен қоршап көрсету ұсынылады, ал ықтимал қателердің астын жай қарындашпен сызып көрсетуі сұралады. Оқушылардың қажеттілігіне орай қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
3.2.3.1 (МК, Т, Ө) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Мәтінді әрбір оқушы жеке оқиды. Мәтінді түсінген, түсінбегендері, түсініксіз сөздердің болған, болмағаны сұралады. Қажет жағдайда сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Мазмұны түсініксіз болған жағдайда зерек оқушыларға қайталап мазмұндатылады. Мәтіннің маңызды тұстарын «Инсерт» әдісін қолдану арқылы түртіп алады. Мәтіннің мазмұны толық игерілген соң, оған дейінгі білетін мәліметтерімен салыстырады. Жаңадан алған ақпараттарын қайталап нақтылайды.
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.
Құрастырылған сұрақтар бойынша дереккөздерден мәлімет жинақтау ұсынылады:
1. Астана қаласында ЭКСПО көрмесі қай уақытта өтті?
2. Көрме неше күнге созылды?
3. Көрме қанша гектар аумақта орналасты?
4. Көрме жұмысында неше ел өз жетістіктерін таныстырды?
5. Қазақстанның павильоны қалай аталады?
6. Қазақстандық павильон неше қабаттан тұрады?
Топта «ЭКСПО көрмесінің елімізде өткізудің қаншалықты маңыздылығы бар?», «ЭКСПО көрмесіне үлес қосқан адамдар жайлы не айта аласың?», «Сен өз еліңнің атынан көрмеге қоюға не ұсынар едің?» сұрақтары төңірегінде талқылап, өзіндік пікір айтады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?