Өмірбаян жазу Қаракерей Қабанбай Қанжығалы Бөгенбай (3 сынып, III тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар.
Сабақ тақырыбы: Өмірбаян жазу. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.
Сабақ мақсаттары:
– мәтіндегі негізі ойды анықтауды;
– болымды және болымсыз етістіктерді ажырата білуді үйренеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 72,73-беттер. Жұмыс дәптері: 37-бет
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сурет бойынша мәтін мазмұнын болжауды үйренсің;
Өмірбаян жазуды меңгересің; Болымды және болымсыз етістікті қайталайсың;
Оқиық.
Тапсырманы алдымен топта, содан соң жұппен, топпен орындап,соңында бүкіл сыныппен қорытындылайды.
-Тапсырманы қалай орындау керек?
Мұғалім сынып оқушыларын үлкен екі топқа бөледі. Тақтада парақшамен жабылған екі батырдың суреті ілінеді. Екі топтан бір бір оқушыдан шығып, тақтада ілініп тұрған екі суретті таңдап, парақшаларды ашады. Әр топ Қабанбай мен Бөгенбай батырлардың атымен аталады. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суретті көрсетіп, қысқаша баяндауын сұрайды. Тақтада Қа- банбай мен Бөгенбай батырлардың суреті беріледі.Әр топқа:
-Екі батыр жайында қандай белгілі екі мәлімет білесің?
-Қандай екі мәлімет білгің келеді?
Әр топ оқушылары берілген батырлар жайында білетін екі мәліметпен білгісі келетін екі мәлімет туралы ортада ой бөлісіп, сыныпқа жариялайды. Содан кейін оқушылар мәтінді оқиды. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру кезінде «Жеңілдетілген анықтама» тәсілін немесе «Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдаланамыз.
Мағынасын ашатын сөз Түсініктеме
қолбасшы әскерді басқарушы
жекпе-жек сайыс
даңқты атақты
рухтандыру қолда
-Қарамен берілген сөздерді өздерінен кіші оқушыларға түсінікті болатындай етіп қалай айтар едіңдер?
Оқушылар түсіндірме беріп көреді. Алдымен жұппен ой бөліседі. Мұғалім кез - келген бір жұптан түсіндірмесін сұрайды. Олар сыныпқа түсіндірген соң, олардың жауабынан басқаша түсіндірме жасаған жұптар болса,олардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім қажетінше түзетіп отырады. Осыдан кейін оқушылар мәтіндегі етістіктерді теріп жазады. Оларды сөз құрамына талдайды.
Батырларға берілген көшелер мен батырлар жайында қысқаша бейнебаян көрсетіледі.
Бейнебаянды көрген соң, «Түсіп қалған сөзді тап» ойынын ойнату. Әр топқа мынадай топтамалар беріледі. Оқушылар берілген сөйлемдерді оқыған мәтін мазмұны мен көрген бейнебаян мазмұнына сүйеніп толықтырады.
Бірінші топқа:
Бөгенбай есімі ...... деген мағынаны білдіреді. Ол ..... жасында жауға қарсы шапқан.
Ол ........ мың қазақ әскерін басқарды.
Ол ..... жасында да жекпе-жекке шыққан. Бөгенбай батыр .... жуық шайқасқа қатысқан.
Екінші топқа:
Қабанбай батырдың өз есімі ...... болған. Оны .... жасына дейін ағасы өсірген.
Жылқыға шапқан қабандарды аулағаны үшін ....... деген лақап атқа ие болған.
Батыр азаттық үшін ..... жылдай күрескен.
..... ірі шайқасқа қатысқан.
Топтар тапсырманы жазып болған соң,мұғалім тексеріп шығады. Осы арқылы мұғалім берілген мәтін мен ақпараттардың оқушылардың есінде қан- шалықты қалғанын бақылай алады.
Мәліметтерді жазып болған соң, екі топтың оқушылары жұптарымен орын алмасып, бір-біріне екі батыр жайында айтады.
Саралау мүмкіндіктері.
«Түсіп қалған сөзді тап» ойыны арқылы тапсырма орындатқанда оқушылардың бейнебаяннан түсінгендері бойынша берілген сөйлемдерді толықтыруды:
Дифференциация.
Қабілеті орташа оқушыларға, сөйлемдерді толықтырып ауызша баяндауды,
Зерек оқушыларға бейнебаян мен мәтінді пайдаланып, берілген сөй- лемдерге қарамай өз ойымен түсінгенін айтуды тапсыру.
Сыныптағы жұмысты басқару.
Батырлардың суретін ұсынғанда портретпен бірге басқа суреттерін де ұсыну қажет. Оқушылар батырлар туралы мәліметті жазып болған соң, мұғалім әр топтан екі оқушының жазғанын тексеріп береді. Екі оқушы басқа оқушылардың жұмысын тексереді.
Тапсырма топпен орындауды ұсынады. Мұғалім алдын ала бес неме- се алты батырдың атымен аталған көше атаулары жазылған парақшаларды үстел үстіне дайындап қояды. Әрқайсысы төрт немесе бес данадан жазылған. Оқушылар парақшаларды үлестіріп алу арқылы топқа бөлінеді.
«Идеялар себеті» әдісі арқылы орындайды.
-Неліктен көше атауларына атақты тұлғалардың есімі беріледі?
Әр топ өз ойын ортаға салып, бірігіп жазған ой қорытындыларын тақтаның алдындағы себетке салады. Мұғалім себеттегі жауаптарды бір-бірлеп оқып, тақтаға жапсырады. Қайталанған жауап болса, алынып тасталады. Осылай ортақ қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін оқушылар өздері тұратын жердегі батырлардың атымен аталатын көшелерді атайды. Топта бірігіп, қайталанған есімдерді жүйелеп, батыр аттарын атауы қажет.
Осыдан кейін оқушылар тақтада берілген Венн диаграммасын пайдаланып, Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр жайында өздері білетін деректер мен мәтін туралы сабақ барысында білген мәліметтерін салыс- тырып ауызша айтады.
Оқушылар батыр есімдерімен аталатын көше аттарын жазғанда екі минуттай ғана уақыт беру ұсынылады. Тапсырманы алдымен топта, содан кейін бүкіл сыныпта орындайды. Мұғалім тапсырманы орындатпас бұрын,
-Көше атауларынан басқа тағы қандай қоғамдық орындарға батыр- лардың есімі берілуі мүмкін?
Оқушылар өз көрген тәжірибелеріне сүйеніп ауызша жауап береді. Осыдан кейін мұғалім кез келген мұражайдың суретімен мұражайға байланысты шартты белгілердің суретін ұсынады. Оқушылар үлгі бойынша өз ойын жазады.Жазған сөйлемдеріндегі етістіктерді оқиды. Мұғалім оқушыларға бұл болымсыз етістіктер екендігі жайлы айтады. Сөз құрамына талдайды. Етістіктерді жұрнақсыз айтып көреді. Болымды етістік екені айтылады. Етістікке жалғанған жұрнақтарды анықтайды. Оқушылар өз бетімен болымды және болымсыз етістіктің ережесін құрастырып көреді. Оқулықтағы ережемен салыстырады.
Ықтимал жауаптар:
батырларға тағы басқа құрмет белгісі ретінде көше атауларынан басқа да, қала, ауыл аттарын, мұражай және т.б. мекеме аттарын атап өтулері мүмкін.
Оқушылар «Мұражай ішінде қоқыс тастама, суретке түсірме, қолмен ұстама, балмұздақ жеме, үй жануарымен кірме» деген сөйлемдер жазады.
Тапсырманы сынып болып орындайды. Оқушылар мәтіннің соңғы бөлігін мұқият көшіріп жазып, етістіктердің түбірін табады. Мүмкіндігінше мұғаліммен бірге сөздерге ауызша талдау жүргізеді. Болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып жазады.
Ықтимал жауаптар: жеңілмеген, бермей, өшпейді, ұмытпау етістіктерін тауып оқиды.
Дифференциация.
Зерек оқушылар сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды.
Сыныптағы жұмысты басқару. Тапсырманы орындауға барлық оқушылардың қатысуын қадағалау.
Білімді бекітуге арналған тапсырма.
Берілген етістіктерге болымсыз етістіктің жұрнақтарын жалға.
Айт, оқы, жаз, күл, бар, бас, еріну, тастау.
Оларды қатыстырып, сөйлемдер құрап жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар сөйлем құрау кезінде берілген етістіктерді қатыстырып, өздері білетін мақал-мәтелдер немесе тыйым сөздерді жазып, мағынасын түсіндіруді тапсыруға болады.
Оқушылардың білімін тексеру.
• Болымды және болымсыз етістіктердің қандай айырмашылығы бар?
• Болымды және болымсыз етістіктерге мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
- болымды етістіктерді анықтайды;
- болымсыз етістіктерді анықтайды;
- болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын түсіндіреді;
- айырмашылығын түсіндіреді.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?