8-сабақ Пайымдау мәтінін құрап жазу (3 сынып, III тоқсан )

 8-сабақ Пайымдау мәтінін құрап жазу (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 8-сабақ Пайымдау мәтінін құрап жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып пайымдау мәтінін құрап жазады;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды
анықтай алады;
- сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер
арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Карусель» әдісі
«Карусель» әдісі бойынша сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге топтасады. Екі шеңбердегі оқушылар саны тең болуы қадағаланады. Ішкі жиын оқушылары орнында тұрып, сыртқы жиын оқушылары қозғалады.
Шеңберде сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Мысалы, 20 секунд. Әр сыртқы шеңбердегі оқушы өзінің ішкі шеңбердегі жұбына өз сұрағын айтқан соң, ішкі шеңбердегі оқушы оған жауабын айтады. Белгі беріледі де, ол келесі оқушыға қарай бір қадам жасайды. Жаңа жұбына өз сұрағын айтады. Осылай толық шеңберді айналып шығады.
Оқушылардың сұрақтары:
Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар?
Мәтіндегі сөйлемдер қалай жазылады?
Мәтіннің қандай түрлері болады?
Пайымдау мәтінің бөліктерін ата. (дәлелденетін пікір, дәлелдеу, қорытынды)
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.
Мысалы: Тт Тт Тт Тт ттт ттт
Талапты бала – талпынған құстай (мақал)
(ТЖ) «Ойлан, тап» әдісі.
Мәтінді оқы.
3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
• Пайымдау мәтінінің бөліктерін тап; (дәлелденетін пікір, дәлелдеу, қорытынды)
• Әр бөлімнің арасын байланыстырып тұрған көмекші сөздерді ата.
• Пайымдау мәтіні туралы тұжырым жаса.
Жез киік
Атақты күйші Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі – “Жез киік”.
Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Өйткені, ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, сондықтан оқтан аман қалады екен.
Кейін мергендер оны атпайтын болған, себебі ол киелі жануар болып саналған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған.
«Күй өнері» кітабынан
Мұғалім берілген мәтіннің пайымдау мәтін түріне жататынын анықтауына мүмкіндік жасайды. Әр топқа пайымдауға жетелейтін проблемалық сұрақтар беріледі. Мысалы: Жез киік неліктен атылған оқтан аман қалады? Себебі не?
Мергендер киікті не себепті атпайтын болған? т.б.
Берілген сұрақтардың дәлелденетін пікірді, жауаптың қорытынды пікірді құрайтындығын оқушыларға айтып, түсіндіру. Пайымдау мәтіні бөліктері таптырылып, ол дәлелденетін және қорытынды пікірге ажыратылады. «Сондықтан», «өйткені» көмекші сөздеріне назар аудартылады.
Сонымен қатар әр топқа тапсырма бөлініп беріледі.
1-топ: Мәтінінің құрылымдық бөліктерін толықтыр.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Мәтінінің құрылымдық бөліктері
• мәтіннің құрылымдылық бөліктеріне (басы, ортасы, соңы)бөлінетінін;
• мәтінді абзацтарға бөлу арқылы әр абзацтың негізгі ойын анықтауға болатынын;.
• мәтіндегі сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысты болатынын;
• мәтінде белгілі бір ой және оған ат қоюға болатынын; т б
• негізгі ой – автордың айтқысы келген негізгі идеясы екенін, мәтіннің негізгі ойы оның тақырыбы бола алатынын; т. б.
2-топ: Мәтіннің мазмұндық бөліктерін толықтыр.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Мұғалім оқушыларды жалпы мәтіннің мазмұндық бөліктерін ажырата білуге төселдіруде төмендегідей кестені пайдалануға болады:
Композиция
лық бөліктері Мазмұны
Басы Әңгімелегенде, түсіндіргенде немесе суреттегенде тыңдаушыны одан кейінгі айтылатын ойға дайындайсың, келесі ойдың не туралы болатындығын аңдатасың.
Негізгі бөлім Сол негізгі айтайын деген ойыңды ашып, мазмұндайсың.
Соңы Мәтін бойынша айтайын деген ойыңды барлығына түсінікті етіп қорыта аяқтайсың.

3-топ: Пайымдау мәтінінің шартын толықтыр.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Қорытынды жұмыс ретінде мұғалімнің қолдауымен пайымдау мәтінінің шарты құрылады.
Пайымдау мәтінінің шарты
Не туралы айтатыныңды ойланып, мәтіннің тақырыбын анықтап ал.
Құрайтын мәтініндегі негізгі ойды анықта.
Мәтінге ат қой.
Мәтіннің бірінші бөлігінде нені дәлелдейтініңді ойлан.
Мәтіннің екінші бөлігінде соның дәлелін, түсіндірмесін айт.
Пайымдау мәтінін құрастыру барысында өйткені, сондықтан, сол себепті сөздерін пайдалануды ұмытпа.
Бағалау дескрипторы:
- Мәтінінің құрылымдық, мазмұндық бөліктерін және
пайымдау мәтінінің шартын біледі, ажырата
алады;
- Пайымдау мәтіні туралы тұжырым жасайды;
(Ұ,Ө,Қ) Өлеңді түсініп оқы.
3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
........................
Жақсы жігіт болады
«Сегіз қырлы, бір сырлы».
Өнерімен алады
Жүлделерді түр-түрлі.
Өнерді үйрен бір-бірлеп,
Бәрі қажет келешек:
Ән де шырқа, би билеп,
Сурет салып, кесте шек*
Халық айтса, біледі:
«Талаптыға нұр жауар».
Өнерлі өрге жүзеді,
Талапсыздар құр қалар.
Ермек Өтетілеу
Оқушылар «Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 084



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?