5-сабақ Зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 5-сабақ Зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына
ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
«Тілек гүлі» Оқушылар тілек гүлін ұстап тұрып тілектерін айтып, бір-біріне ұсынады.
«Сиқырлы доп» әдісі
Оқушылар әр топқа кезектесе отырып, доп лақтырады. Доппен бірге бір сұрақ дайындап айтады. Осылайша кезекпен сұраққа жауап береді.
1. Сөз таптары дегеніміз не?
2. Қандай сөз таптары болады?
3. Заттың атын білдіретін сөздер тобын қалай атаймыз?
4. Заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтір.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(ТЖ) «Заттық суреттер» әдісі
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
«Заттық суреттер» әдісі арқылы топтарға түрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Топтар өз тобының заттық суретіне байланысты сұрақ қояды. Сұрақтың қай сөз табына қатысты екенін дәлелдеп айтады. Өз бетінше ереже құрастырады.
Сонымен қатар берілген суреттер бойынша бөлімнің атын табу керектігі айтылады.
Бұл тапсырма «Галлереяға саяхат» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Ереже:
Зат есім
Заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? кімдер?, не? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Бағалау дескрипторы:
- Әр суретке сұрақ қояды;
- Зат есімді анықтап, дәлелдейді;
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.
Мысалы: Өө ӨӨӨ өөө Өө Өө
Ел іші-өнер кеніші. (мақал)
• Мағынасын қалай түсінесің?
• Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларға сұрақ қой.
(ТЖ; Ө) Мәтінді мұқият тыңдау.

• Математикалық сөзжұмбақ арқылы мәтіннің тақырыбын тап.
• Бұл мәтінде өнердің қай түрі жайлы айтылған?
• Мәтіннің негізгі ойы қандай?
• Мәтіннен зат есімдерді тауып, көшіріп жаз.
Оқушыларға мәтін тыңдатылады немесе мұғалім өзі оқып береді.
.............
Әміре Қашаубаев табиғатынан әнші болған еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді. Балалық шағы Дегелең тауының етегі, Тоқырауын өзенінің өңірінде өткен. Әміренің үлкен атасы әнші болған. Ол Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәдидің әндерін асқақ сезіммен шырқайтын. Әміре Қашаубаев қазақ халқының ән мұрасының ұлы жыршысы атанды.
Математикалық жұмбақ
5 7 9 12 14
Е Ә І Р М
7 14 9 12 5
Оқушылар мәтінде өнердің қай түрі жайлы айтылғанын, мәтіннің негізгі ойы қандай екенін және оның тақырыбын математикалық жұмбақ арқылы өзара топта ақылдаса отырып, табады.
Содан соң «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы бірінші топ мәтіннен зат есімдерді табады, оларды жазып, сандықшаға салады. Араластырылған зат есімдер еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ зат есімдерге сұрақ қойып, зат есім екенін дәлелдеп айтады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- Мәтіннің негізгі ойын табады:
- Мәтіннен зат есімдерді тауып, көшіріп жазады:
(ҰЖ) Сергіту сәті. «Менің сөмкем» атты ой сергек жаттығуы

• Сабаққа қажетті құрал жабдықтарды сөмкеге жина.
• Зат есімдерге сұрақ қой.
Менің сөмкем
(ТЖ, ЖЖ) Өлеңді мәнерлеп оқу.

• Өлең жолдарынан зат есімді тап.
• Дәптерге қатесіз көшіріп жаз.
Мен суретші боламын
Мен суретші боламын,
Таудай биік талабым.
Бояуларды қолға алып,
Әсем сурет саламын.
Мен суретші боламын,
Қала менен ауылды,
Тау мен бауды, өзенді,
Ғажап етіп саламын.
Топтағы оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. Өлеңде кездесетін зат есімдерді тауып, сұрақ қояды. Соңында өлеңді қатесіз дәптерге жазу ұсынылады. Жазған өлеңді өзара жұпта тексереді.
Жұпта тексеру барысында:
• Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу жазуын;
• Бір әріп пен екінші әріптің байланысын дұрыс көрсетуін, үзбей, біркелкі жазуын бағалайды.
(ТЖ) «Сөздер тізбегі» әдісі

Сөздер тізбегінен зат есімдерді теріп жаз.
• Оларға сұрақ қой.
• Зат есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап айт.
Сөздер тізбегі
доп, күтті, дәрігер, қуанды,білгір, көгілдір,оқушы, өзен
бесеу, жұмысшы, айна, сымбатты, Раушан, қағаз, Алматы
Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, зат есімдерді табады. Неліктен зат есім екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрап айтады.
Бағалау дескрипторы:
- зат есімді анықтайды;
- сұрақ қойып, дәлелдейді;
(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.
«Тоғыз гауһартас» стратегиясы

• Сөздерді жаз
Сынып оқушылары топтарға біріктіріледі. Әр топ «Тоғыз гауһартас» текшелеріне өнер тақырыбына байланысты тоғыз зат есімді бірлесе отырып, жазады.
Жазған сөздерін толықтырып, идеяларымен бөлісу үшін сынып алдында қорғап, дәлелдейді.
Бақылаушылар әр топтың жұмысы мен жетістіктеріне «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс береді.
Бағалау дескрипторы:
- Зат есімдерді жазады, сұрақ қойып, дәлелдейді;
- Зат есімдермен сөйлем құрайды;
- Оларды сөйлеу барысында қолдана алады;
- Құраған сөйлемдерін қатесіз көшіріп жазады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?