№ 3-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )

 № 3-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 3-сабақ Сөз таптары
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
Оқушылардың көбі:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
Оқушылардың кейбірі:
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өз қалаулары бойынша топқа бөліну. Мұғалім оқушыларға бүгін өз қалаулары бойынша үш немесе өзі жоспарлағандай төрт топқа топтасуларын сұрайды. Оқушылар өз еріктерімен топтасады.
ІІ. Өткенді бекіту (Ұ)
«Қар кесегі» әдісі
Оқушылар ақ қағазға өтілген материалдар бойынша сұрақтар жазып, қағазды умаждайды. Ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Сұрақтарын ортаға лақтырады. Оқушылар қар кесегін жинап, бір- бірінің сұрағына жауап береді. (Сөз таптары)
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІV. Негізгі бөлім
3.2.4.1 , 3.4.2.3 (МК; Ө; Ұ)
Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
Раушан- өте талантты бала. Ол әлемдегі ең кішкентай ақын. Не бары он жасында кітабы шыққан ақын некен- саяқ болар. Раушан тұңғыш кітабын «Сәттер» деп атапты. Кітапта өлеңдерімен қоса өзі салған суреттері де берілген. Өте әдемі кітап. Кішкентай ақын қаламынан туған өлеңдерді қазір еліміздің түкпір – түкпіріндегі көптеген балалар оқып жүр.
Тіпті Раушанның есімі шетел балаларына да мәлім. Раушан туралы Италия, Франция, Испания газеттері мақала жазды. Өлеңдерін аударып басты. Раушан «Балалардың Бейбітшілік жолындағы халықаралық ассамблеясына» қатысып қайтты.
София қаласында өткен сол салтанатты жиналыс Раушанның «Достық» деген өлеңімен ашылды.
( Н. Айтов )
2.Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.Мәтінге ат қойып,негізгі ойды анықтайды.
Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.
Негізгі ой «Сұрақ- жауап» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Сұрақтар
 Раушан қандай бала?
 Раушанның кітабына балалар неге қызығады?
 Ол туралы шетел газеттері не жазды?
 София қаласындағы жиналыс қандай өлеңмен ашылды?
 Осы оқиға арқылы автор не айтқысы келді?
 Мәтінге қандай ат қояр едің?
«Шапалақтау» арқылы бір- бірін бағалайды.
3.Мәтіннен зат есімдерді тап. Олардың жалқы есім, жалпы есім екенін анықта.
Жұптық жұмыс ұйымдастырылады. «Ойлан, жұпас, бөліс» әдісі арқылы орындалады.Бір оқушы мәтіннен зат есімдерді табады, екінші оқушы зат есімді жазып отырады. Жұпта талдайды, пікірлерімен бөліседі.Топтық талдауға ұласады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді түсініп оқиды;
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтіннен зат есімдерді табады;
Сергіту сәті
Әуен ырғағымен билеу.
3.3.5.1 (МК; Ө; Т; Қ) Нақыл сөздерді қатесіз жазу. Мағынасын талқылау.
Көркем жазу
Аа Аа Аа
1. Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
2. Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих
Нақыл сөздерді қатесіз көшіріп жазады. Өзара бір - бірінің жазғанын тексереді. Нақыл сөздерге байланысты өз ойымен бөлісіп, топта талқылау жасайды. Оқушылардың дәлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуіне басшылық жасалады.
Бағалау дескрипторы:
- берілген сөздерді қатесіз көшіреді;
- қателерді тауып,түзете алады;
Шығармашылық үзіліс
Бос торкөзге тиісті әріптерді қойып, жасырынған сөзді тап.Ол кісі туралы не білетініңді айт.
Оқушылар Әбілхан Қастеев туралы білетіндерін әңгімелейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 086



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?