Қызықты оқиғалы әңгімелерді тыңдау оқу (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Қызықты оқиғалы әңгімелерді тыңдау, оқу .
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру, мазмұнын айту
3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі:
• Тыңдаушының қызығушылығын туғызу мақсатында әңгіменің мазмұнын айтады.
• Мәтіннен қажетті ақпаратты табады
Кейбір оқушылар:
• Мәтін мазмұны бойынша күрделі сұрақтар қояды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «Қызықты әңгіме» ойыны.
Ойынның шарты: Мұғалім қазір біз бірлесе отыра ,қызықты әңгіме құрастырамыз. Ол әңгімеміз қызықты болу үшін сендер қызықты сөйлемдер айтуларың керек.
Мен бастаған сөйлемді жалғастырып бір сөйлеммен толықтырып отырасыңдар. Ең соңғы сөйлемді де мұғалім аяқтауы керек. Мұғалім: «Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. ... »
.........................................
Мұғалім соңында: «Осылайша екеуі бақытты ғұмыр кешіпті».
Балалар сендер қызықты әңгімені айтқанды ұнатасыңдар ма, әлде тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Әрине тыңдағанды ұнатасыңдар. Неге тыңдағанды ұнатасыңдар? Ендеше бүгінгі сабақта ертегіні тыңдаймыз,оқимыз және ертегі бойынша тапсырмалар жазамыз.
Сабақтың тақырыбы: Қызықты оқиғалы әңгімелерді тыңдау , оқу.
Мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру, мазмұнын айту.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Ертегіні тыңдап сұрақтарға жауап береді
Қажетті ақпараттарды табады.
Ертегі бойынша қысқаша өз ойын айтады.
Топтық жұмыс.
Суреттегі үйлер неден жасалынған?
Мұндай үйлерді қайдан кездестіруге болады?
Дұрыс айтасыңдар мына берілген үйлердің кейбіреуін ертегіден көргенсіңдер.
Үйлерге сипаттама беру.
шырпыдан кірпіштен сабаннан
Әр топ өздерінің тапсырмасын тақтаға шығып орындайды.
Балалар ендеше бүгінгі тақырыбымыз қызықты ертегіні тыңдауға байланысты болады.
«Үш торай» ертегісін көрсету. Ертегіні тамашалау арқылы топтық жұмыс жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Топ оқушыларының сипаттаған үйлері мен ертегідегі үйлердің айырмашылығы мен ерекшелігі қандай?
Екеуін салыстырады.
«Үш торай» ертегісін көріп тамашалау. Оқушылар осы ертегіні көріп болғасын топтарға берілген тапсырмаларды орындайды.
Топтық жұмыс.
1-топ:
Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, ертегінің мазмұнын айту.
Тірек сөздер: үй, баспана, берік, ыңғайлы, қорғайды, салады, тал, сабан, кірпіш,шырпы,жылы.
2-топ: Тыңдалған ертегі бойынша жоспар құрып, сол бойынша әңгімелеу.
Жоспар:
• Ағайынды үш торайдың бақыт іздеуі
• Бірінші торайдың сабан үйі
• Екінші торайдың шырпыдан салынған үйі
• Үшінші торайдың кірпіштен салынған мықты үйі
• Зұлым қасқырдың ойы
• Ағайынды торайдың бақытты өмір сүруі
3-топ: Осы ертегі бойынша өздеріңе қандай қорытынды шығарар едіңдер?
Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды. Өзара бағалау жасайды.
Мәтінмен жұмыс.
Барлық оқушыларға дайын мәтін беру.Тізбектей отыра оқыту. Топпен ақылдаса отыра, мәтін бойынша 1 сұрақ дайындау.
Ертеде бір доңыз өмір сүріпті.Оның үш кішкентай торайы болыпты .Бір күні олар үйлерінен бақыт іздеуге шығыпты. Үшеуі жан-жаққа бөлініп кетеді.Бірінші торай өзіне сабаннан, екінші торай шырпыдан, ал үшінші торай кірпіштен үй салып алып өмір сүрген екен. Сол орманның ішінде өмір сүретін аш қасқыр бұл торайлардың иісін сезіп қалып жемекші болыпты. Бірінші және екінші торайдың үйін үрлеп қирататып тастапты. Ал үшінші торайдың үйін қирата алмаған. Ашулы қасқыр қалай үрлесе де үйді құлата алмаған соң, пештің мұржасынан үйге кіріп торайды жемекші болады. Зұлым қасқыр пештің мұржасына мініп кіріп келе жатқан сәтте, торай тез пештің отын тұтатып жағып жібереді. Құйрығы қызып жанған қасқыр айқайға салып, пештің мұржасынан ырғып шығып жөніне қаша жөнеледі. Ал үйсіз қалған екі торай өзінің бауырын тауып алып, кірпіш үйде ұзақ та бақытты өмір кешіпті.
Мұғалімнің жетекші сұрақтары:
Мәтін бойынша сұрақтар:
Сонымен қандай үй мықты болады екен?
Сабан мен шырпыдан жасалған үйлер неге тез үрленіп кетті деп ойлайсыңдар?
Үш торайдың қайсысы еңбекқор? Еңбекқор болу үшін не істеу керек?
Қайсысы еріншек болды?
Екі торай неге сабан мен шырпыдан үй салып алуды ұйғарды?
Ертегідегі басты ұғымды қалай қорытындылайсыңдар?
Өздеріңді қай торайдың орнына қояр едіңдер?
Дәптермен жұмыс. Мәтінді көшіріп жазу.
Дүниежүзінде әр түрлі үйлер бар. Отырықшы үйлер және көшпелі үйлер болады. Үйлерді кірпіштен, балшықтан немесе қамыстан жасайды.
Бұл мәтіннен қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
Отырықшы мен көшпелі деген сөзді қалай түсінесіңдер? (дүниетану сабағымен байланыстыру)
Рефлексия ? Не үйреніп,не білдік?
Сабақта не маңызды болды?
Сабақта не қызықты болды?
Қандай қиындықтар кездесті?
Келесі сабақта не білгілерің келеді соны , «Шығу билетіне» жаза қойындар.
Келесі сабақта біз мынадай құрылыс материалдарынан үйлер жасаймыз. Пластмассадан , шырпыдан, ағаштан және олардың қайсысы үрлегенде тез сынатынын білетін боламыз....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?