40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап
береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «ВЕЕР» әдісі
Мақсаты: Өтілген тақырыпты қайта еске түсіріп, жаңғырту.
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабақта өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтар (сөз мағынасы, антоним т б) жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Өзара бағалау.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Ыы ЫЫЫ ыыы ырысты ырыс ынтымақ ықылас ынта ыстық
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
3.2.2.1, 3.2.3.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Тыңдалым. Мәтінді тыңда.
12-жаттығу. Бос торкөздерге санның тұсындағы әріпті орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқиды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
С У Ы Е Қ А Б Т І
2 6 5 3 8 4 1 4 7 9
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қой.
• Күн ұзарғанда тәуліктегі сағат саны өзгере ме?
• Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?
• Қожанасырдың орнында болсаң қалай жауап берер едің?
• Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.
Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- мәтіннің тақырыбын оқиды;
- мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
- сөз мағынасын ажыратады;
3.2.2.1, 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) Оқылым. 14-жаттығу.
• Өлеңдегі қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде.
Оқушылар топқа бөлініп, өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңде қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелдейді.
Бағалау дескрипторы:
- өлеңді мәнерлеп оқиды;
- сөздің тура, ауыспалы мағыналарын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
- өлеңді қатесіз, сауатты жазады.
3.2.2.1 (Ж, Ж) «Интервью» әдісі. (Сұрақтарға жауап)
Мұғалім топтарға кезек-кезек сұрақтар қояды. Дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Оқушылар «ия», «жоқ» деп қысқа жауап қайтару керек.
• Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа мағынада да қолданылады. (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Сөздердің тура мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Сөздердің ауыспалы мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Аяғы – «соңы» деген мағына бере алады. (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Антонимдер мағынасы бірдей сөздер ме? (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Омоним сөздердің мағыналары бір-біріне қарсы ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
• Мағыналары бір-біріне қарсы сөздерді синоним дейміз. (ИӘ немесе ЖОҚ)
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап береді;
Сергіту сәті.
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан.
Жай, жай, жай,
Шапалақта алақан,
Шапалақта алақан.
Қозғап барлық денеңді,
Қолды қатты соқ енді.
Сарт, сарт, сарт,
Қолды қатты соқ енді,
Қолды қатты соқ енді.
3.2.2.1 (Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.
«Тапқыр болсаң, тауып көр».
Оқушылар топқа біріктіріледі. Тапсырма әр топқа үлестіріледі. Кестедегі берілген сөздердің қайсысы қай мағынада екенін топпен ой бөлісе отырып, ажыратады. Неліктен ауыспалы, тура мағына екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрайды.
1-топ
Сөздер Тура мағына Ауыспалы мағына
тәтті ұйқы
тәтті алма
иненің көзі
адамның көзі
2-топ
Сөздер Тура мағына Ауыспалы мағына
ашық аспан
ашық мінез
өткір мінез
өткір пышақ
3-топ
Сөздер Тура мағына Ауыспалы мағына
алыс жер
алыс туыс
адамның беті
кітаптың беті .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?