Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )

 Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: Мазмұндама жазайық
Оқу мақсаты: 3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін
дұрыс қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
-кесте негізінде сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
-тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Үлпілдек» ширату жаттығуы ойналады. Мақсат оқушылардың қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды меңгерту.
Содан соң сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Т) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бесбұрыш.
1.Топқа үш мәтін беріледі. Оқушылар мәтіндерді мұқият оқиды. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екендігін табады? Бұл тапсырма «Семантикалық кесте» сызбасы арқылы орындалады.
Мәтін түрі Сұрағы Ерекшелігі
№1мәтін
№2мәтін
№3мәтін
2. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне пайымдау мәтінін қатесіз көшіріп жазады.
Дескриптор:
- мәтінді қатесіз көшіреді;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.
(Т) 3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
1.Оқушыларға мәтін (К.Сегізбайұлы. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?) беріледі. Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мәтін ішіндегі қиын сөздерді сандықшаға салады. Мұғалім сандықшадағы сөздерді оқушылар көмегімен мағынасын ашады.
Құлжа,маңғаз қалпы,жоны, көз тікті, сақшыдай қалт етпей.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 185



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?