№8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

 №8-сабақ  Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: №8-сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
• көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтай алады;
• суретті жоспар негізінде жетекші сұрақтарға тірек сөздерді қолданып жауап беру арқылы әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімдердің көмегімен табады;
• - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
• тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• тірек сөздер мен суретті жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді анықтайды;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
• пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• тірек сөздер мен суретті жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өзіндік пікірін білдіріп, әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді анықтап, дәлелдейді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберінде тұрып қасындағы сыныптасына тілек айту
( Ұ.Ж) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау
Әрқайсысы қағаз қиындысына өткен тақырыптан сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Сұрақтарды араластырып, қатысушыларға бір-бірден таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
( МК.Ө) Көркем жазу
Үлгі бойынша жазу.Т әрпінен басталатын сөздерді табу, талапқа сай жазу.
Мысалы, Тт түйеқұс, тотықұс, торғай, тоқылдақ, тырна ...
( М.К Ұ) Мәтін түрлері. Оқушыларға мәтіндердің ерекшелігіне тоқталып кетемін. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіннің ерекшеліктерін естеріне түсіріп талдату.
«ПОПС формуласы» әдісі
Бірінші сөйлем: « Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, оны былай түсіндіремін....»
Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Пайымдау мәтіні «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. Көмекші сөздер міндетті қолданылады.
Түйеқұс туралы бейнежазба көрсету 00.40 сек аралыққа дейін
- Түйеқұстың қандай пайдасы бар? Неліктен?
31-жаттығу Өлеңді рөлге бөліп оқы. Өлеңнен пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жаз. Түйеқұс неге ұша алмайды? Өз пікіріңді білдір.
Дескриптор:
-рөлге бөліп оқиды
-пайымдау бөлігін анықтайды;
- қатесіз көшіріп жазады
Қ.Б: «Мадақтау» арқылы бағалау
32-жаттығу (Ж.Ж) «Көршіңмен талқыла!» әдісі
Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру, ат қою, тірек сөздерді қолданып әңгіме құрау.
Керекті сөздер: бірде, көрді, аяғы сыныпты, әкелді, таңды, емдеді, тамақ берді, жазылды, еркіне жіберді.
Дескриптор;
-сурет негізінде сұраққа жауап береді
-тірек сөздерді орынды қолданады
-әңгімені жүйелі құрастырады
-ат қояды
ҚБ: Смайлик арқылы бағалау жұптар бір-бірін
33-жаттығу (Ө) «Орнын анықта» әдісі арқылы жеке тапсырманы орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Неліктен қорқып тұратыны туралы өз ойыңды қысқаша жаз.
Қалқ ....ып ұзын құла...ы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 416



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?