3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 3 -сабақ Мәтін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтін түрлерін және және оның құрылымдық бөліктерін тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы анықтай алады;
- түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы аша алады, маңызды тұстарын анықтай біледі;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- тірек сөздер/көмекші сөздер негізінде мәтін түрлерін ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтап, дәлелдей біледі;
- дереккөздерден алынған түрлі ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, нақты жүйелей алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ширату жаттығуларын жасату
(Ұ, Ж, қ) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі
Мәтінге тән белгілерді есімізге түсірейік
Мақсаты: Мәтін туралы, мәтінге тән белгілерін, білімдерін ой елегінен өткізіп, қайталату. Оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту, қызығушылығын арттыру.
Мысалы:Негізгі ой, әңгімелеу, сипаттау т.б
1. Қайда? Бұл терминдерді сендер бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңдер?
2. Қалай? Өз тәжірибелеріңнен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?
Оқушылар осылайша мәтінге тән белгілерге басты назар аударып, ой тұжырым жасайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
І1. Негізгі бөлім
(МК,Ө) Көркем жазу. Әріп элементтері мен сөздер, сөздерден сөйлем құрап жазу. (Алфавиттік сөйлемдер жазуға болады)
(Т,Ұ,қ) Оқушыларға мәтін тақырыбы мен тірек сөздер беріледі.
Мақсаты: Тірек сөздерді пайдалана отырып, жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыра білуге үйрету;
Тапсырма
1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді оқы.
2. Тірек сөздерді пайдаланып, жоспар бойынша әңгіме құрастырып айт.
Бағалау дескрипторы:
- тірек сөздерді орынды пайдаланады;
- жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- мәтін түрлерінің ерекшеліктерін біледі.
Сергіту сәті «Көңілді күн» https://www.youtube.com/watch?v=beeh9s5ILYY
(Ө, Т, Ж, қ) Мәтінмен жұмыс.
12-жаттығу. Мәтінді тыңда.
• Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.
• Мәтіннен тірек сөздерді тап.
Бағалау дескрипторы:
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді табады,
- ашық және жабық сұрақтар құрастырады, жауап береді;
- кейіпкерлерді сипаттап жазады;
- қарамен жазылған сөйлем туралы өз пікірлерін айтады;
- жазу қарқынын жеделдете отырып, дұрыс жазады.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
Дүниежүзі сөзінің жазылуына назар аудар. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 555



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?