Демалыс күнім №3 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

 Демалыс күнім №3 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Демалыс күнім №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1 оқылған/тыңдалған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі .....) дәлелдеу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, тыңдаған материал бойынша өз ойын айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың кейбірі:
сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді.
Сабақ барысы: «Жүректен жүрекке» шеңберіне шақыру
Балалар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады.
Қызығушылықты ояту
(ЖЖ) Демалыс күніне қатысты «төрт сөз» ойла.
Мысалы: демалыс (жексенбі, достар, кино, балмұздақ)
Сабақтың тақырыбын болжату
(Менің демалыс күнім)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• сөздердің лексикалық мағынасын түсінемін;
• тыңдаған материалдар бойынша өз ойымды айтамын.
Мағынаны тану
Тыңдалым алды тапсырмасы:
(МК.Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Бос – бос уақыт
көңілді – тамаша
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Атау септік (Кім?, Не?)
Ілік септік (Кімнің?, Ненің?)
Барыс септік (Кімге?, Неге? Қайда?)
Табыс септік (Кімді?, Нені?)
Жатыс септік (Кімге?, Неге?)
Шығыс септік (Кімнен?, Неден? Қайдан?)
Көмектес септік (Кіммен?, Немен?)
Үлгіні тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. Оқушыға циркке деген сөз берілсе, ол қайда? деп жауап береді.
Мысалы:
цирк, цирктің, циркке, циркті, цирктен, циркпен
Тыңдалым тапсырмасы:
(Т) Ауыстырылған пікірлерді тап, дәлелде.
1. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты бірнеше дұрыс және мағынасы теріс айтылған сөйлемдерді ұсынады.
2. Оқушылар мағынасы ауысып тұрған сөлемдерді белгілейді.
3. Нәтижелерін топ ішінде дәлелдеп, өз пікірлерін айтады.
Мысалы:
1. Циркте аңдар қол шапалақтады.
2. Мен бос уақытымды көңілді өткіздім.
3. Көрермендер өнер көрсетті.
4. Балалар күлдіртті.
5. Клоундар тамашалады.
Дәлелдеуде қолдан!
Менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ..... ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 252



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?