10-сабақ Бауыржан – батыр (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 10-сабақ Бауыржан – батыр (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 10-сабақ Бауыржан – батыр
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
1.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
5.1Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің не туралы екендігін айту, сұрақтарға жауап беру.
2. Жаңа сөздерді сөйлеу барысында қолдана білу.
3. Септеулік шылауларды мағынаға сай қолдану.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, мұғалімнің көмегімен шылауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, шылауларды мағынаға сай қолданады.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, жүйелі мазмұндайды.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын «Сахнадағы актер» әдісімен сұрау. Мұғалім: «Сахнаға шығуға кім тілек білдіреді?» – деп сұрайды. Өзі қалаған оқушы тақтаның алдына шығып, үйге берілген Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа мәнерлеп айтып береді. Өзін сахнадағы актерлер сияқты ұстауы керек.
Ой қозғау. Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату.
БАТЫР ПАНФИЛОВШЫ
ЖАЗУШЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
БАЛУАН МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС
«Ассоциативтік қатар» негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Қандай сөздер оқыдыңдар?
• Бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?
Оқушылар сөздерді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Сабақ тақырыбын болжайды. Мысалы: Панфилов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы ...
Мұғалім оқушылармен бірге айтылған ойларды қорытындылап, тақырыптың қорытынды бейнесін анықтайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бауыржан – батыр» екендігін айтады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• мәтін мазмұнын түсіну;
• сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану;
• сөйлемдерді дұрыс құру. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 979



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?