9-сабақ Кел балалар оқылық! (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 9-сабақ Кел, балалар, оқылық!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу.
3.1 Оқу түрлерін қолдану
.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін мен көру материалдарына сүйене отырып, өз ойын айту.
2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәнерлеп оқу.
3. Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауларын дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәнерлеп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған, көрген мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсініп, қолдау арқылы өз ойын айтады. Сөздердің орын тәртібін сақтап жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтін мен көрген суретке қатысты өз пікірлерін дәлелдей алады, мәтін құру барысында өзгелерді толықтырады.
Сабақ барысы: Мұғалім үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрайды. Бір оқушы алға шығып, тірек сөздер негізінде құраған мәтіндерімен бөліседі. Одан кейін келесі өзі қалаған оқушы үй тапсырмасын айтады немесе алдыңғы оқушының айтқандарын толықтырады.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтадан бүгінгі сабақтың тақырыбы беріледі.
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқыған кезде ойларыңызға қандай ассоциация келді?
– Сабақ кім немесе не туралы деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде сабақ тақырыбы туралы не ойлайтындарын талқыға салады. Сабақтың мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін алдыңғы сабақтағы тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдер пайдаланылады. Шығатын қорытынды:
Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұстаз.
«Кел, балалар, оқылық!» – Ыбырай Алтынсариннің балаларға жазған өлеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну;
• суреттер мен сұрақтар негізінде ойымен бөлісу;
• сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құру.
(МК, Ұ) Сабақтың тірек (жеке) сөзін сурет, сөз тіркестері арқылы меңгерту.
адамның жеке заттары жеке куәлік
(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым
Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды. Кейін кезектесіп, оқушылар оқиды. Оқыған кезде қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына мән беріледі.
Кел, балалар, оқылық
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облысы
Жангелді ауданы Торғай ауылындағы ескерткіші
(Ө) Тыңдалым. Айтылым
Мәтінді тыңдап, суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді. Жауап беру кезінде әрбір сөйлемнің түсініктемесі ретінде берілген суреттерге сүйене отырып, өз жауабын: «Менің көріп тұрғанымдай, ...», «Менің ойымша, ...» түрінде айту.
Тыңдалым мәтіні:
Тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің музейі – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимарат.
Музейде Ы. Алтынсарин ашқан мектептің көшірмесі қойылған.
Музейде Ы.Алтынсариннің кітаптары, жеке заттары, фотосуреттер жинақталған.
Музейдегі ең құнды заттардың бірі – Ы.Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқап.
Музейдегі «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде ақындармен кездесулер ұйымдастырылады.
• Ыбырай Алтынсарин музейі неге ұқсайды?
• Музейде қандай заттар бар?
• Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған зат қалай аталады?
• Музейдегі қонақ бөлме қалай аталады?
Үлгі: Менің ойымша, Ы.Алтынсарин музейі киіз үйге ұқсайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, оқушылар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.
(Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
Сөйлемнің қай жақ тарапынан айтылып тұрғанын білдіру үшін соңғы сөзге тәуелдік жалғауының қосылатынын түсіндіру.
Менің тілеген... Сіздің тілеген...
Сенің тілеген... Оның тілеген..
Осы кесте бойынша «жеке заттар» тіркесін тәуелдеу.
(Ө) Оқылым. Әр оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?