Дара тұлға № 8 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Дара тұлға № 8 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Дара тұлға № 8
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, мәтіннің жанрын анықтайды, тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұны бойынша нақты сұрақтар қояды, мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, мәтінді мазмұндауда оқиға желісін сақтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен-жүрекке» әдісі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.
Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Оқушылар Тоқтар Әубәкіров туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.
 Тоқтар Әубәкіров кім?
 Ол қашан ғарышқа ұшқан?
 Қайдан ұшты?
 Ғарышта неше күні болды?
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
Сабақтың тақырыбын болжау.
(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.
1.Батыр дегеніміз кім?
2.Батыр қандай болу керек?
3.Қандай батырларды білесіңдер? деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.
- мәтін бойынша сұрақтар құрастырамын және оған жауап беремін;
- мәтіннің жанрын ажыратамын;
- тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтамын;
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: батыр, ірі
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Батыр - Ер - Қаһарман
Ірі – зор - үлкен
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Мен өскенде батыр боламын. Менің атам батыр болған.
Ірі тұлға. Ірі қайраткер.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
(Ұ) Мәтіналды тапсырма. Оқушылар «Сен білесің бе?
Бауыржан Момышұлы» туралы бейнефильм көреді.
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі
(Ұ, Ж) Мәтінді мұқият оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.
1941 жылы соғыс басталды. Бауыржан Момышұлы Отанын қорғау үшін соғысқа аттанды. Батальон, полк командирі болды. Жауға қарсы 207 рет ірі шабуылға шықты, бірнеше рет жараланды. Майданда батырлық көрсетті. Бауыржан Момышұлы – батыр, жауынгер, халық қаһарманы. Оған арнап көптеген қалада ескерткіш қойылды.
Дескриптор:
- мәтін мазмұны бойынша кемінде 3 сұрақ құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 837



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?