Бүгінгі күн өнері №8 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

  Бүгінгі күн өнері №8 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Бүгінгі күн өнері №8 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айту
• Сөйлем соңына тыныс белгілерді дұрыс қою
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтінді әңгімелейді, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды, мәтінді жүйелі мазмұндайды, сөйлем соңына қойылған тыныс белгінің қойылу ережесін түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі: өзі білетін ақпаратымен бөліседі, тақырыпқа қатысты пікірін айтады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
(Ұ) «Суреттер галереясын» ұйымдастыру
Үйде салып келген суреттерін сынып қабырғаларына іліп, өз суретінің мазмұнын қысқаша айтып береді.
«Ең әдемі салынған сурет», «Ең мағыналы сурет» номинацияларын анықтау.
Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтаймын.
• Мәтін мазмұнын әңгімелеймін.
• Сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қоямын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
өрнек бояу
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Әртүрлі өрнектер, өрнектер салу, бояуды тамызу, бояумен бояу
Бейнематериал көрсету (1.30-2.22 уақыт аралығы )
https://www.youtube.com/watch?v=PS247HCP2VY
Эбру -судың бетіне сурет салу
Құммен сурет салу (0.00- 0.24 уақыт аралығы)
Бейнематериалдар бойынша сұрақтар қою:
• Саған бүгінгі күн өнерінің қай түрі ұнады? Неліктен?
• Осы өнермен айналысатын таныстарың бар ма?
• Басқа түрлерін білесің бе?
(Ө) Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Сызбаға тірек сөздерді жазады.
Тыңдалым мәтіні
Менің әпкем сурет салғанды жақсы көреді. Ол «Қылқалам» үйірмесіне барады. Ол эбру әдісімен сурет салады. Судың бетіне бояу тамызады. Сосын қылқаламмен өрнектер салады. Оның суреттерін көрмеге алды. Досым графитти әдісін жақсы көреді. Ол ғимараттардың қабырғаларына сурет салады. Ал мен оригами өнерімен айналысамын. Маған бұл өнер қатты ұнайды.
• Сызбаға сүйеніп, мәтінді жұбына әңгімелейді.
Дескриптор :
Мәтін бойынша тірек сөздерді жазады;
Мәтінді жүйелі әңгімелейді;
Сөздерді дұрыс байланыстырады.
Жұптар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.
Сергіту сәті.
“Атомдар мен молекулалар” ойыны: Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
(Ө) Жазылым. Сөйлем соңына тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазады.
Қандай әдемі сурет
Оригами жасау өнері саған ұнайды ма
Қағаздан әртүрлі мүсіндер жасауға болады
Оригамиді қай елде ойлап тапқан
“Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексереді. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
Қабылдау деңгей жоғары оқушылар тыныс белгісін қойылу ережесін түсіндіреді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 081



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?