Мен де сәулетші боламын (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Мен де сәулетші боламын (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (2-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мен де сәулетші боламын (1)
Оқу мақсаттары:
3.3.4.1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (не? қандай? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызекі сөйлеуде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Жаңа сөздерді қолданып, Әлібектің үй тапсырмасын толықтырып оқиды және мазмұнын айтады.
Сабақ барысы: «Мағынаны таны» стратегиясы
«4 картина – 1 сөз» ойыны – 2 минут
Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)
Сәулетші не істейді? Сәулетшінің құралдары нелер? Сәулетші қандай ғимараттардың жобасын жасайды?
Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (100-бет)
Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
Грамматикалық минимум: көмекші сөздер: сырты, төбесі
Есте сақта!
үй+дің
сырт...
төбе...

+сі Үйдің сырты әдемі.
Кесененің төбесі жаңа.
ғимарат+тың
кесене+нің
Мұғалім кестедегі сөздердің тіркесу жолымен таныстырады.
1-тапсырма. Жаңа сөздерді қолданып, Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту
Мұғалім оқушылар назарын оқулықтың 100-бетіндегі 2-суретке аударады. Дәл осы сурет интербесенді тақтада да тұрады. Оқушылар сурет пен жаңа сөздерді қолданып, мұғалім сұрақтарына жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» тәсілі арқылы жүзеге асады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар жаңа сөздердің мағынасы мен қолданысын меңгереді, көмекші сөздерді (сырты, төбесі) орынды қолданады.
Бұл не?
Оның сырты қандай?
Оның қабырғасы қандай?
Оның төбесінде не бар?
Оның мұнарасы қандай
мұнара꞊төбесі
қабырғасы꞊сырты
2-тапсырма (оқулықтағы 3-тапсырма). Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастыру және жауап беру
Тапсырманы орындау «Даналық ағашы» ойыны арқылы жүзеге асады.
1) Оқушылар мәтінді оқиды.
2) Мұғалім таратып берген қағаз қиындысына әр оқушы 1 сұраулы сөйлем құрастырып жазады және сандыққа (қорапқа) салады.
3) Сандықтағы (қораптағы) сұрақтар жақсылап араластырылады.
4) Әр оқушы 1 сұрақты алып оқиды және жауап береді. (Сұрақтардың қайталануы мүмкін. Бұл ақпаратты бекітуге көмектеседі.)
5) Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асады.
3-тапсырма (оқулықтағы 5-тапсырма). Әлібекке үй тапсырмасы берілді. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтінді толықтыруы керек. Жаңа сөздерді қолданып, Әлібекке үй тапсырмасын жасауға көмектесіңдер (толықтырып оқыңдар).
Бұл – Қожа Ахмет Яссауи ................ . Ол Түркістан қаласында ....................... . Кесененің қабырғалары ................. . Кесененің .................... 2 мұнара бар. Мұнараның ............... көк. Кесененің ............... ою-өрнектер бар. Кесененің ................... әдемі.
Керекті сөздер: қабырғалары, қабырғасында, төбесінде, сырты, қоңыр, орналасқан, кесенесі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 449



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?